«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум

2018-11-27 15:33:40

«State of the Art in Research on Innovation: an Operational Perspective» тақырыбындағы ғылыми симпозиум Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде 2018 жылдың 4 желтоқсан күні өтеді.

Операциялық менеджмент саласының үш ғылыми қызметкері инновациялар бойынша жаңа зерттеулерін ұсынады, оның ішінде бір зерттеу тауар инновациясымен (жобаны таңдау) байланысты, бір зерттеу бизнес – үлгі инновациясымен байланысты (екіжақты платформа), және бір зерттеу инновацияларды ұйымдастырумен байланысты зерттеу (инновациялар конкурсы) берілген. Әдіснама эмпирикалық, сондай-ақ саралаушы әдістерді қамтиды.

КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН

Университеттің оқытушы –профессорлар құрамы, бизнес, техникалық ғылымдардың және инновациялық менеджмент саласындағы аспиранттар / магистранттар, кәсіпкерлер.

БАҒДАРЛАМА

2:00– 2:10   Симпозиум тақырыбына кіріспе және баяндамашыларды қысқаша таныстыру

2:10– 2:55   Константинос Стоурастың сөз сөйлеуі

2:55- 3:05   Сұрақтар мен жауаптар     

3:05– 3:50   Панос Маркоудың сөз сөйлеуі

3:50- 4:00   Сұрақтар мен жауаптар     

4:00– 4:15   Үзіліс және бейресми тілдесім

4:15– 5:00    Фернандо Бернштейннің сөз сөйлеуі 

5:00- 5:10   Сұрақтар мен жауаптар     

5:10- 5:20   Қорытындысын шығару және қорытынды ережелер

Константинос Стоурас «Инновациялар конкурсына қатысу рөлі»

Инновациялар конкурсына қатысу (яғни ресурстарды бөлу) таңылуы мүмкін емес, бұл конкурсты ұйымдастыру күшін ынталандыруға қосымша біріктіруді қатысуды талап етеді. Жүйе ішілік тіркеу және қатысудың белгісіздігі бар инновациялар конкурсының моделі нәтижесі болып табылады. Кепілді тіркеуі бар конкурстарға қарағанда біз компания қатысушылардың оңтайлы санын тарту және шешім қабылдайтын бөгде тұлғалардың әрекетіне септігін тигізу үшін қолжетімді бюджетті бірнеше гранттарға бөлуі тиіс екендігін көрсетеміз. Біз қатысу бойынша шешімдер конкурсқа тіркелудің мөлшерден тыс тұрақтылығына әкелетінін көрсетеміз. Біздің талдауымыз тіркеуді шектеу бойынша рәсімдерді қолдану, мысалы, минималды жол берілетін шығарылымды енгізу инновацияны жақсартатынын көрсетеді. Нәтижесінде, қатысушылардың күтілетін максималдық шығарылымы әлеуетті шешушілердің санының артуына әкелмеуі тиіс.

Панос Маркоу, «Жобаны таңдау және оның табыстылығы: Дәрілік заттарды жасау процесін түсіну ”

Тиімді зерттеулер мен әзірленімдер инновациялардың негізгі аспекті және дұрыс инновациялық идеяларды таңдау үшін синоним болып табылады. Дегенмен, зерттеулер мен әзірленімдер үшін дұрыс жобаларды таңдау осындай шешімдерге тән тұрлаусыздық пен күрделілікке байланысты қиын міндет болып табылады. Біз технологиялық тұрлаусыздық, бәсекелі әзірленімдер және жобада операциялық шығындардың болуы секілді өндірістік факторлардың таңдауға қалай әсер ететінін зерттеу үшін 1999-2016 жж. кезең аралығындағы 15 озық фармацевтік компаниялардың дәрілік препараттарын әзірлеу процестері бойынша ақпарат қамтылған бірегей мәліметтер базасын пайдаланамыз. Біз көріп отырғанымыздай, компаниялар бұрын сол салада табысты болған әзірленім жобаларын инвестициялайды, бір бұл шешімге олардың бәсекелестердің жоба таңдауы елеулі әсер етеді. Бәсекелестердің бастапқы кезеңдегі инвестициялары компания дәл сол саладағы бәсекелестік үшін жобаны таңдау ықтималдығын азайтады, ал жобаға салынатын соңғы кездегі инвестициялар технологиялық іске асырылудың жоғары деңгейін көрсетеді және бұл ықтималдықты арттырады. Дегенмен, бір саладағы қызмет бәсекелестердің әзірленімде үлкен бастапқы артықшылықтары болмаған жағдайда ғана болады. Сонымен қатар алынатын лицензиясы бар препараттарда мәлімделген жобаның операциялық шығындарының болуы ішкі жобалармен салыстырғанда жобаны таңдау ықтималдығын азайтады, соған қарамастан олар таңдалған жағдайда табыстылықтың үлкен ықтималдығына ие. Нәтижесінде, осы факторлардың өнімділікке қаншалықты елеулі үлес қосатынына дәлел келтіреміз.

Фернандо Бернштейн «Ұсыным мен сұранымның үлесі артқан жағдайдағы екіжақты платформалар арасындағы бәсекелестік»

Бұл жұмыста бірлескен тұтыну экономикасындағы платформалар арасындағы бәсекелестік әсері зерттеледі. Мысалдарға таксиге тапсырыс беру Uber және Lyft платформалары түпмәтінінде жағдайлары келтіріледі. Негізінен, біз клиенттер нарығында тәуелсіз жүргізушілердің жиынтығы арқылы ортақ қызметті (мысалы, такси) ұсынатын екі платформа арасындағы бәсекелестікті қарастырамыз. Әр платформа клиенттерден жүргізушінің ұсынған қызметтерін алғаны үшін алынатын бағаны бекітеді. Осы соманың бөлігі қызметті ұсынатын жүргізушіге төленеді. Және клиенттер де, жүргізушілер де платформа белгілейтін төлем шарттарын, сондай-ақ жүйе жүктемесінің көп болуына (нарықтағы клиенттер мен жүргізушілердің салыстырмалы санын ескере отырып) түсінгіш келеді. Екі мүмкін сценарийін қарастырайық. «Бір дереккөзі бар» бірінші сценарийде жүргізушілер бір платформада жұмыс жасайды. «Бірнеше дереккөздері бар» (немесе практикада белгілі болып тұрғандай «бірнеше қосымшалары бар») екінші сценарийде жүргізушілер екі платформаға да жұмыс жасайды. Екі сценарийде де бір платформалар арасындағы бәсекелес өзара байланыс нәтижесінде туындайтын тең бағаларды игереміз және теңгерім кезінде туындайтын сұраным мен ұсыным нәтижелерін зерттейміз. Біз такси секторында баспасөздің назарын тартқан (және дау тудырған) кейбір практикалық мәселелерді игеру үшін модельді пайдаланамыз. Бірінші мәселе бағаны көтеруге қатысты болады. Екінші мәселе жүргізушілерді бірнеше платформада (бірнеше дереккөзі бар) жұмыс жасауды таңдауға қатысты. Біздің ойымызша, сұранымның артуына байланысты бағаны көтеру сұранымның қалыпты жағдайында туындайтын бірдей баға бекіту жағдайымен салыстырғанда платформаға, жүргізушілерге және клиенттерге табыс әкеледі. Біз сондай-ақ барлық жүргізушілер бір дереккөзден жұмыс жасаған кездегі немесе барлық жүргізушілер бірнеше дереккөзден жұмыс жасаған кездегі платформалардың, жүргізушілердің және клиенттердің өнімділігін салыстырамыз. Барлық жүргізушілерде бірнеше платформада жұмыс жасауға стимул болса да, егер барлық жүргізушілер бірнеше платформаны пайдаланса ұтылатынын анықтадық.

МОДЕРАТОР

ZhijianДжижиан Чуй, Операциялық жетекшілік ету жөніндегі қауымдастырылған профессоры

Джижиан Чуй қазіргі таңда Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің операциялық жетекшілік ету жөніндегі қауымдастырылған профессоры және Қытай менеджмент мектебінің Ғылым және технология университетінде іскерлік әкімшілендіру профессоры болып табылады.    Назарбаев Университетіне келгенге дейін Жидзян IE Business School (Испания) бизнес мектебінде операциялық жетекшілік ету жөніндегі қауымдастырылған профессор және Гонконг ғылым және технология университетінің (Гонконг) ГУНТ бизнес мектебінің (HKUST) операциялық жетекшілік ету жөніндегі шақыртылған ассистент-профессоры болды. Ол операциялық басқару саласындағы докторлық дәрежені INSEAD бизнес-мектебінде (Франция), МВА дәрежесін Пеппердайн университетінде (АҚШ), басқару саласындағы магистр дәрежесін EuroMed Marseille School of Management (Франция) және инженерия саласындағы бакалавр дәрежесін Цинхуа университетінде (Қытай) алды.

СПИКЕРЛЕР

konstantinos.stouras

Константинос Стоурас, Майкл Смурфит Бизнес жоғары мектебі, UCD

Константинос (Костас) Стоурас — Майкл Смурфит Бизнес жоғары мектебі УКД Операциялық менеджмент кафедрасының доценті және Баттен институтының ғылыми қызметкері. Константинос технологияларды және инновацияларды басқаруға маманданған. Оның зерттеулері ұжымдық инновациялық модельдерге және нарық секторының талап бойынша және онлайн- қоғамдастығының қызмет саласын цифрлық түрлендіруге әсеріне арналған. Константинос Prudential сақтандыру компаниясына статистик ретінде жұмыс жасады және LiveOps.com қашықтан жұмыс жасау ұсынымдары және МБА жағдайларына арналған платформаны қоса алғанда компаниялармен жұмыс істеген. Ғылыми қызметінен бөлек Константинос кәсіпкерлікпен айналысады. Ол 2014 жылы қазіргі уақытта Операциялар және Аналитика саласында жарнаманы және оқытушылар құрамын жалдауды жеңілдету үшін әлем бойынша 200-ден артық университетте пайдаланылатын OperationsAcademia.org алаңын құрды. Ол техникалық консультант және тәлімгер ретінде стартап жобалармен белсенді өзара байланысын жалғастырады.

 

markou-panos-883x432

Панос Маркоу, University of Cambridge Judge Business School

Панос Маркоу — Кембридж бизнес –мектебінде ғылыми дәрежесі бар ғылыми қызметкер. Оның зерттеулері компаниялардың негізгі ұйымдастырушылық процестердің бұзылу тәуекелдері жағдайында ақпараттық ассиметрия және логистикалық тізбектің әріптестері арасындағы тұрлаусыздықтан бағасының шығындарынан бастап фармацевтік компанияның дәрілік заттарын әзірлеу бойынша жобалар портфеліндегі қате инвестицияларға дейін қалай басқару керектігін және анағұрлым тиімді шешім қабылдауды түсінуге шоғырланған. Панос сондай-ақ практикаға негізделген және елеулі әсері мен өзектілігі үшін әлеуеті бар зерттеулер жүргізу секілді ғылым мен өнеркәсіп бірлігіне нық сенеді. Бірнеше жыл ол Германия және АҚШ-та BMW компаниясында, сондай-ақ Banco Santander және Delta Air Lines TechOps секілді компанияларда жұмыс істеді. Оның Мадрид халықаралық бизнес мектебінде операциялық менеджмент саласындағы докторлық дәрежесі және АҚШ, Джорджия штаты, Атланта, Джорджия технологиялық институтының машина жасау саласындағы бакалавр дәрежесі бар. Сондай-ақ ол басқару, өндіріс және қызмет көрсету, және өндірісті басқару бойынша операциялық менеджмент ғылым саласындағы тар мамандандырылған сарапшы ретінде жұмыс жасайды.

 

Fernando Bernstein Fuqua School of Business faculty portrait in Breeden Hall

Фернандо Бернштейн, Fuqua School of Business, Дьюк Университеті

Фернандо Бернштейн — Дьюк Университеті Fuqua School of Business-те жедел басқару профессоры. Ол Колумбиялық университеттің Бизнес жоғары мектебін бітіріп, «Жедел басқару» мамандығы бойынша доктор дәрежесін алды және Дьюк Университетінің оқытушы –профессорлар құрамына 2000 жылдың шілде айында қосылды. Профессор Бернштейннің ғылыми – зерттеу қызығушылықтары жеткізілім тізбектерін басқаруды, өндірісті жоспарлауды басқаруды және қордың жағдайын бақылауды (қойма есебі), өндірістік және тарту жүйелері үшін ойындардың теориясын қолдануды және табысты басқаруды қамтиды.

Күні мен уақыты: 2018 жыл 4 желтоқсан 14.00 – 18.00 сағат уақыты аралығында

Өтетін орны: Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебі, С3 блогы, 3015 аудитория.

Тілі: Ағылшын

Тіркелу