Тим Г. Миллер

3035d3f
Тенгізшевроил

Тенгізшевройл (ТШО) серіктестігін соңғы төрт жыл ағымында басқар мен үшін кұрмет. ТШО Батыс Қазақстандағы Тенгіз және Королев кен орындарын әзірлеумен айналысады. Тенгіз 1979 жылы табылған ең терең ірі кен орны. ТШО серіктестігі 1993 жылы құрылды, ТШО өндірісі Қазақстан Республикасының шикі мұнай өндірісінің 30 % құрайды. ТШО компаниясының табысы көптеген жылдар бойы оның қызметкерлерінің қарқынды жұмысы мен адалдығына негізделген. Бүгін Қазақстан азаматтары 1993 ж. 50 %-бен салыстырғанда ТШО-да қызметтердің 86 % құрайды. Қазақстандық менеджерлер мен басшылар ТШО басқару жұмыс күшінің 75 % құрайды. Қызметкерлерді жоғары жауапкершілікті лауазымдарға ілгерілету мақсатында тұрақты оқу жүргізіледі және даму бағдарламалары дайындалады.ТШО-да жұмыс біздің басшылардан әлемде үздік болуды талап етеді. Олар тек жақсы функционалдық тәжірибеге ғана емес, сондай-ақ ТШО бизнесінің факторларын және басшының шешімі бизнестің және жұмыс күшініңі әрбір элементіне қалай әсер етуі мүмкін екендігін дұрыс түсінуі тиіс.
Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің (НУ ЖБМ) ашылуы және оның басшыларға арналған МВА бағдарламасы әлемдік деңгейдегі басшыларға Қазақстанда білім алуды ұсынады. Бұл біз үшін ілгерілетілген деңгейде білім алу үшін үздік және жарқын қызметкерлерді таңдау үшін керемет мүмкіндік. Бұл біздің қызметкерлерімізді бірі үшін бірінші курсқа қабылдану үлкен құрмет, ал оның алған тәжірибесі мен білімі ТШО-ның болашақ басшысы ретінде оған үлкен мүкіндіктер берді. Бүгін біздің болашағамыз жас жетекшілер қолында қалады. НУ ЖБМ проблемаларды шеше алатын көшбасшыларды дайындауға көмектеседі және бұл Қазақстандағы жалғасатын және продуктивті ынтымақтастық екендігіне сенеміз.