ТМД SAP компанияларының маркетинг бойынша директоры Сергей Панкратовтың «Цифрлы трансформация – бизнестің заманауи ақиқатында ІТ-кәсіпқойлардың жаңа рольдері мен міндеттері» тақырыбындағы мастер-классы

2017-06-01 12:03:50

Құрметті студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер, Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі 2017 жылдың 23 мамырында өтетін ТМД SAP компанияларының маркетинг бойынша директоры Сергей Панкратовтың «Цифрлы трансформация – бизнестің заманауи ақиқатында  ІТ-кәсіпқойлардың жаңа рольдері мен міндеттері» тақырыбындағы мастер-классына қатысуға шақырады.

pankratov

Шара сипаттамалары:

Мастре-классқа келушілер сандық трансформация және осы трансформация аясында заманауи бизнестегі ІТ-кәсіпқойлардың ролі мен міндеттерінің көрінісі туралы мәлімет алады. Студенттер мен әзірлеушілер, сонымен қатар ІТ-өнімдердің әзірлеушілері компаниямен серіктестік перспективалары және SAP секілді әлемдік көшбасшылардың қажеттіліктері туралы біле алатын болады.

Спикер:

Сергей Панкратов 20 жыл бойы маркетнигпен айналысады. Жергілікті (Ресей, ТМД елдері), аймақтық (Шығыс Еуропа,Скандинавия және Финляндия) және халықаралық нарықтарда – Еуропа, Солтүстік Африка, Таяу Шығыста жұмыс тәжірибесі бар. Сарапшы ірі тұтынушылық брендтерді әзірлеп, қайта іске қосқан: «Россия — щедрая душа!», «Старый мельник», «Овип Локос» («Сокол» сырасы), «Тема» және Gorenje. Халықаралық корпорациялар (Danone, Nestle)мен Evyap, EFES International секілді күшті аймақтық компанияларда үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Стартаптарды дамыту және басқаруда, сонымен қатар бірігу және жұтылу келісімдерін дайындауда үлкен тәжірибесі бар.

Күні: сәрсенбі, 23 мамыр 2017 жыл  15:00

Орны: Блок C3 (GSB / GSPP) ғимараты  3.016 кабинеті.