Nazarbayev University мен HKUST алғашқы "Silk Road Empirical Trade Conference" конференциясын өткізеді
NU Жоғары бизнес мектебі мен Гонконг ғылым және технологиялар университетінің (HKUST) Экономика департаменті бірлесіп 2026 жылғы 28–29 тамыз күндері Астана қаласындағы Nazarbayev University кампусында алғашқы "Silk Road Empirical Trade Conference" конференциясын өткізеді.
Конференция халықаралық сауда мен инвестициялар саласындағы эмпирикалық экономикалық зерттеулерге маманданған жетекші экономистер мен ғалымдарды біріктіреді. Қатысушылар өздерінің соңғы ғылыми зерттеулерін ұсынып, халықаралық сауданың өзекті мәселелерін талқылайды. Іс-шара ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және білім алмасуға ықпал етеді.
Конференцияның негізгі баяндамашысы ретінде Колорадо университеті мен HKUST профессоры Вольфганг Келлер қатысады. Профессор Келлер халықаралық экономика, экономикалық өсім және технологиялық өзгерістер салаларындағы танымал зерттеушілердің бірі болып табылады.
Баяндама жасаушылардан бөлек, конференция бағдарламасына енбеген зерттеушілер мен қызығушылық танытқан қатысушыларға да ашық болады. Орын саны шектеулі болғандықтан, бағдарламаға кірмеген қатысушыларды тіркеу «бірінші келген – бірінші тіркеледі» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
Өтетін күні: 2026 жылғы 28–29 тамыз Өтетін орны: Nazarbayev University, Астана, Қазақстан Негізгі баяндамашы: Вольфганг Келлер, Колорадо университеті және HKUST Конференция туралы толық ақпаратты көру: https://freit.org/SRET/sret.html