Жаңалықтар

Көшбасшы ретіндегі жеке өсу: EMBA-дан кейін кімге айналдым – басқару стилі, коммуникация және ойлау жүйесінің өзгеруі

Бастамас бұрынғы күмәндер

Бизнесте 12 жылдық тәжірибе мен 2011 жылы алған алғашқы бизнес-білімім болғанына қарамастан, өз ісімді кеңейту жолында ұзақ уақыт қиындықтарға тап болдым. 2018 жылдан бастап мен белсенді түрде шешім іздей бастадым: кітаптар оқыдым, сарапшылармен кеңестім, бірақ маған жүйелі тәсіл қажет екенін түсіндім. Тек 2022 жылы мен Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебіндегі EMBA бағдарламасына түсу туралы шешім қабылдадым.

Шынымды айтсам, менде күмән болды: оқуды бизнеспен қатар алып жүре алам ба, уақытым жете ме, бағдарлама нақты өсу құралдарын береді ме? Бірақ алғашқы модульдерден кейін-ақ бұл шешім – мансабымдағы ең дұрыс таңдау болғанын түсіндім.

Ойлау жүйемді өзгерткен инсайттар

Әрбір модуль мен үшін жаңа көкжиектерді ашты. Барлық профессорлар жоғары деңгейде болды, дегенмен кейбір пәндер бизнеске деген көзқарасыма ерекше әсер етті:

Менеджмент және ұйымдастыру (профессор Онаджомо Акему)

EMBA-ға дейін командамен жұмысты көбіне интуитивті түрде жүргізгенмін. Профессор Акему бәсекелі ортада қарым-қатынасты қалай құру, рөлдерді қалай бөлу және үнемі бақылаусыз жұмыс істейтін жүйені қалай жасау керектігін көрсетті. Компаниямның құрылымын қайта қарастырып, нақты KPI енгізіп, көбірек тапсырмаларды бөле бастадым – бұл бірден тиімділікті арттырды.

Экономика (профессор Джеймс Антон)

Бұл модуль маған ақшаның қай жерде болатынын нақты ұғындырды. Бұрын мен операциялық қызметке ғана мән беретінмін, ал профессор Антон макроэкономикалық факторлар, өсу циклдары және инвестициялық мүмкіндіктерді ескере отырып, бизнес-стратегияны қалай құру керектігін түсіндірді. Енді шешімдерді тек ағымдағы пайдаға емес, ұзақ мерзімді трендтерге сүйене отырып қабылдаймын.

Кәсіпкерлік (профессор Джиянг Донг)

Ең практикалық модульдердің бірі. Профессор нақты кейстер арқылы жоғары бәсекелестік жағдайында компанияны қалай дамыту керектігін көрсетті. Осы модульде мен өнім мен компанияны алға жылжытудың pull және push стратегиялары бар екенін түсіндім. Бұл тәсілдерді түсіну маған сату мен маркетингті жолға қоюда айтарлықтай көмектесті.

Бұрын мен 25 жаста кәсіп ашпасаң, 40-та бастауы қиын деп ойлайтынмын. Бірақ бұл – қате пікір. Егер адам қажетті құралдарды меңгеріп, клиент санасының қалай жұмыс істейтінін түсінсе, ол 40 жаста да батыл түрде бизнес бастай алады.

Дамушы нарықтардағы стратегия (профессор Венкат Субраманиан)

Әрбір дамушы елдің өз ерекшеліктері бар – капитал нарығы, құқықтық жүйе, еңбек нарығы, бизнес ережелері және т.б. Біздің ел де даму сатысында болғандықтан, бұл курс осындай нарықтарда қалай жұмыс істеу және табысқа жету керектігін түсінуге көмектесті. Онлайн режимдегі нақты кейстерде компаниялар тап болатын жүйелік проблемаларды көріп, олардан қалай құтылуға болатынын үйрендік.

Басқару стилім қалай өзгерді?

  • Интуициядан жүйеге – енді тек тәжірибеге емес, мәліметтер мен стратегиялық framework-тарға сүйенемін.
  • Бақылаудан сенімге – команданың өз бетінше жұмыс істеуіне жағдай жасап, процестерді реттеп, тапсырмаларға өкілеттік беруді үйрендім.
  • Тактикадан стратегияға – «өрт сөндіруді» қойып, 3–5 жыл алға ойлай бастадым.

Коммуникация қалай өзгерді?

Бұрын көп сөйлеп, аз тыңдайтынмын. EMBA мені дұрыс сұрақтар қоюға, мүдде негізінде келіссөз жүргізуге және диалогты барлық тараптар өзін құнды сезінетіндей жүргізуге үйретті.

Қорытынды: EMBA – жай ғана диплом емес, бұл – жаңа ойлау деңгейіне көтерілу.

Бүгінде менің бизнесім тек операциялық жетілдірулер есебінен емес, қабылдап жүрген стратегиялық шешімдер арқылы өсіп жатыр. Бұрын «осы жерде және қазір» деп ойласам, қазір өзгелер қауіп көретін жерде мен мүмкіндік көремін.

Бағдарламаға түспес бұрын күмән болмады ма? Болды.
Күткенім ақталды ма? Артық болды.

EMBA – бұл тек қаржылай емес, басқару сапасы, ойлау ауқымы және болашаққа деген сенімділік тұрғысынан да өзін-өзі ақтайтын инвестиция.
Ануар Умиржанов
CEO
"PETROTAS" ЖШС
"Acton Flow" ЖШС
EMBA 2024