Оқиғалар

Executive Business Talk Атырау мен Ақтауда

Дамушы нарықтардағы бәсекелестік несімен ерекшеленеді? Қазақстанға көзқарас

Nazarbayev University Жоғары бизнес мектебі сіздерді профессор Венкат Субраманианмен (Venkat Subramanian) өтетін Executive Business Talk-қа шақырады.

Профессор дамушы нарықтардағы бәсекелестіктің дамыған нарықтардан айырмашылығын және институционалдық әрі бәсекелестік ортаның бизнес шешімдерін қабылдауға қалай әсер ететінін талқылайды. Сессия барысында Қазақстанға, жергілікті бизнес-кейстерге және нарықтық ортаның уақыт өте келе өзгеруіне ерекше назар аударылады.

Іс-шарадан кейін Q&A сессиясы және нетворкинг өтеді.

Executive MBA бағдарламасын кәсіби дамудың келесі қадамы ретінде қарастыратын мамандар үшін бұл — EMBA командасымен жеке танысуға, бағдарлама, оқу форматы және қабылдау талаптары туралы көбірек білуге, сондай-ақ сұрақтарын офлайн форматта қоюға мүмкіндік.

Орын саны шектеулі.

15 қазан 2026 жыл | 19:00
Renaissance by Crystall, Атырау
Атыраудағы іс-шараға тіркелу

16 қазан 2026 жыл | 19:00
Renaissance by Sulo, Ақтау
Ақтаудағы іс-шараға тіркелу
2026-09-29 17:10 Алдағы оқиғалар