Тренинг "Практикадағы жобаларды басқару стратегиясы"

2017-07-27 14:14:57

22-24 тамыз, 2017

Тренинг “Практикадағы жобаларды басқару стратегиясы”

21-ғасырдың жобалық менеджементі:

Қазіргі уақытта бір уақытты бірнеше жобаны жүзеге асыратын бірде бір ұйым немесе қауымдастық жоқ шығар, сондықтан біз ХХІ-ғасырды «жобалар ғасыры» деп айта аламыз. Бұл басынан бастап жобаларға бағытталған секторларда ғана емес, адам қызметінің барлық секторлары мен аспектілерінде орын алған, сондықтан да олардың барлығы «жобаларды басқаруды» практикалау үстінде. АҚШ-ғы «Fortune Magazine» журналы жобалар менеджерін 21-ғасырдағы ең маңызды кәсіптердің бірі ретінде көрсетті. Жобаның жетістікке жету қажеттілігі кезк-келген компания, ұйым немесе қоғамдастық үшін алға жылжудағы елеулі жетістіктердің бірі болды.

Курстың қысқаша сипаттамасы:

Бұл семинарда жобаларды басқару стандарттарымен ерекше байланысты жобалық менеджменттің соңғы үдерістері және өз жобаңызды қалай жетістікке жеткізуге болатындығы туралы ақпаратты меңгересіз. Курста басты назар өз жобаларыңызды басқару тұжырымдамасын анықтайтын жобалық менеджменттің түйінді құжаттарын әзірлеу үшін қажетті білім мен дағдыларға аударылады. Мұндай құжат жоба демеушісіне түсіністіктің, жобаны ұсынудың және басқарудың жеткілікті деңгейіне кепілдік беру үшін жоба менеджері жұмысының негізін құрайды.

Бағдарламаға қатысушылар өздерінің нақты жобаларының мысалында жобалық менеджменттің аспаптары мен әдістерін практикада қолдана алады. Курс ұйымдағы ЖМ тұжырымдамасының кешендік амалдарын қамтиды. Жоба басшылары, демеушілер немесе ұйым басшылары ЖМ құзыреттілігін «адамдар + жобалар + ұйым» деп аталатын үші деңгейде сүйемелдей оытрып, өзінің меншікті ұйымының шеңберінде ЖМ моделін жобалау және енгізу туралы түсінікті меңгереді.

Өткізу нысаны: оқытушылардың презентациялары, қатысушылардың жеке жұмыстары және топтағы жұмыс.

Кім үшін:

  • Жоба басшыларына, сондай-ақ жақын болашақта жобаларды басқаратын мамандарға.
  • Өз ұйымындағы жобаларды басқару жұмысын жақсартқысы келетін жоба демеушілеріне, басшыларға немесе менеджерлерге.
  • Білім алып, өз білімін толықтырғысы келетін және жобаларды басқару саласындағы өз дағдыларын көтергісі келетін тұлғаларға;
  • Жобаларды басқаруда қалай жетістікке жетуді білгісі келетін кәсіпкерлерге.

 

Сіз нені меңгересіз:

  • Жобаларды басқарудағы маңызды жаһандық стандарттар туралы ақпаратты;
  • ЖМ әдістері мен аспаптарын тиімді қолдану арқылы жобаларды басқару дағдыларын жақсартуды;
  • Өз жобаларыңызды басқарудағы тұжырымдамасын әзірлеуді;
  • Өз компанияңыздағы немесе ұйымыңыздағы жобалармен жұмыс жүргізуді жақсарту үшін ЖМ
  • Құзыреттілік моделін қолдануды;
  • Жобаларды басқаруда жетістікке жету үшін тиімді ортаны құруды;
  • Конкурсқа қатысуға арналған деректемелер алдын;
  • Жобалық менеджмент туралы базалық білімді меңгересіз.

Сізден өзіңізді қызықтыратын немесе сіз қатысатын немесе болашақта қатысуды болжайтын нақты жобаны таңдауды және мысалдар келтіру өтінеді (тек қана базалық ақпарат).

Бағдарламаны оқушы:

Mladen

Доктор Младен Радужкович – Зегреб университетіндегі жобаларды басқару және құрылысты басқару саласының профессоры, Хорватия, сондай-ақ Марибордағы Альма-Матер Еуропа университетіндегі жобаларды басқарушы профессор, Словения. Ол Хорватия жобаларды басқару қауымдастығының президенті (CAPM), сондай-ақ PM (SENET) өңірлік қауымдастығының негізін қалаушылардың бірі. 2013-2014 жж. аралығында штаб-пәтері Швейцарияда орналасқан Халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының (IPMA) президенті, 2007-2012 жж. үш мандаттағы IPMA-дың вице-президенті. Қазір ол IPMA Делегаттар кеңесінің төрағасы. IPMA Level B сертификатының, «IPMA 4LC» үшін бағалаушы лауазымы, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін USAID/Booz Allen USA ToT сертификаттарының иегері. Сонымен қатар ол Project, Program and Portfolio Expert компаниясының консалтингтік директоры болып табылады. Оның ғылыми жетістіктері негізінен халықаралық деңгейдегі16 басшылық зерттеу жобаларын, шамамен 200 конференция баяндамаларын және ғылыми журналдарда жарық көрген шамамен 50-ге жуық нұсқаулықтардан тұрады. Ол 5-халықаралық ғылыми журналдарға пікір беруші және 50-ден астам халықаралық ғылыми конгрестердің ғылыми комитеттерінің құрамына кіреді. Оның қызметтік тізіміне Ilbau, Strabag, Booz Allen Hamilton USA, IPMA, Importanne, ADRIS Group, EPTISA, Ernst Young Consulting, Croatia Insurance, USAID, Croatian Waters, IGH  және т.б. компанияларға арналған  Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы күрделі жергілікті немесе өңірлік жобалардың әр түрлі 100-ден астам консалтингтік немесе басқарушылық лауазымдарды қамтиды.

Өткізілетін орны: Назарбаев Университеті Жоғарғы бизнес мектебі, Астана
Күндері: 22-24 тамыз, 2016 жыл
Бағасы:  230 000 теңге
 
Жеңілдіктер жүйесі:
Компаниядан 2 қатысушы – 5% жеңілдік
Компаниядан 3 қатысушы – 10% жеңілдік
Компаниядан 4 қатысушы – 15% жеңілдік
Компаниядан 5 және одан да көп қатысушы болса – 20% с жеңілдік

Сонымен қатар, біз Назарбаев Университеті Жоғарғы бизнес мектебінің барлық бағдарламаларын бітірушілерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне және мемлекеттік секторға  20% жеңілдік береміз.

Назарбаев Университеті Жоғарғы бизнес мектебінің демеушісі болып табылатын компания қатысушыларына қатысуда арнайы жеңілдіктер ұсынылатын болады.

Тіркелу үшін «Тіркеу» түймесін басыңыз, егер түйме көрсетілмесе сілтеме бойынша өтіңіз.