Uber, DropBox стратегиялық пайымдауының және Toyota компаниясын операциялық басқарудың құпиялары

2018-06-01 14:36:06

Стратегиялық пайымдау – жетістікке жетем деп алға ілгерілеген кез келген адамға бағыт көрсететін аспандағы Темірқазық секілді. Қайда бару – бұл бір мәселе. Оған қалай жету, ол – екінші мәселе. Және бұл стратегия мақсаты – бүгін біз қайдамыз, ертең қайда болғымыз келеді және оған қалай жетеміз? Жалпы алғанда, стратегия дегеніміз «қалай қол жеткізуге болады» деген сұраққа жауап.

Осылайша, стратегиялық пайымдау адамдар тобын немесе ұйымды жалпы мақсат айналасына топтастыру механизмі және  пайымдауы, яғни ары қарай тиімді жүзеге асыру қажет болуы мүмкін тиісті стратегияны қалай жүзеге асыру керектігі туралы диалогтың бастамасы болуы мүмкін. Стратегиялық пайымдау осы мағынада ажырамас құндылыққа ие.

Стратегиялық ойлауға үйренуге болады ма және ол үшін не қажет, Blue Ocean стратегиясы дегеніміз не деген сұрақтарға Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің стратегия және менеджмент профессоры Чет Боруки жауап берді.

Чет Боруки

Чет Боруки

— Әркім өзінің стратегиялық ойлау қабілетін жақсарта алады.

Ұшқыр ой, айнаға қарап кейде біз өзімізге жау екенімізді және қате сенімімізге біздің анағұрлым кең ойлау қабілетіміз бен дайындығымызға әсер етуге мүмкіндік беретінімізді мойындауға дайын болу. Адам мұқият ситуациялық талдау жүргізіп, жалпы картинаны көре біліп және нүктелерді байланыстырып, өзгелер көре алмайтын заңдылықтар мен мүмкіндіктерді анықта            й білу керек.

Тиімді стратегиялық ойшылдардың мысалы: табысты бизнес-модельді әзірлеушілер, Airbnb, Uber, Coursera, DropBox және басқалар секілді компаниялардың негізін қалаушылар, олар жаңадан бастап жүрген бизнесмендерден шамалы қысқа уақыт ішінде миллиардтық айналымы бар компанияларға айналған. Біз осы компанияның негізін қалаушылар секілді табысты кәсіпкер бола алмаймыз, бірақ біз дағдыларды жұмыста да, жеке өмірізде де пайдалана отырып, құзыретті стратегиялық ойшыл бола аламыз, – дейді Чет Боруки.

Табысты менеджер тағы қандай қасиеттер мен дағдыларға ие болу керек? Бұл сұраққа Операцияларды басқару бойынша қауымдастырылған профессор Джижиан Чуй жауап береді.

Джижиан Чуй

Джижиан Чуй

— Табысты менеджер ақшаны да, негізгі мүдделі тараптарды да жақсы басқара білу керек, бұл – ол үшін сандық және сапалық аспектілерде мұқият дайындық қажет етеді дегенді білдіреді. Тиімді басқару қарым-қатынастың жақсы дағдыларын және жеке ерекше дарындылықтың белгілі бір дәрежесін талап етеді. Бірақ жақсы менеджердің ең маңызды артықшылығы, менің ойымша, оның жақсы дамыған іскери ішкі түйсігі.

Операцияларды басқару  (Operations Management) — бұл ұйымдар ішінде және арасында сұраныс пен ұсыныстарды келісудің дұрыс процесі. Кез келген мекеме басқармасының бизнес-процесі бар, ол тиімді және оңтайлы түрде құрылымданған болуы/ болмауы мүмкін. Операцияларды басқара білу фирмаларға негізгі бизнес-процестерді қайта құрылымдауға, түсінуге, оңтайландыруға және жетілдіруге көмектеседі. Нәтижесінде операцияларды жақсы басқару кез-келген ұйымның табысы үшін шешуші мәнге ие.

Операцияларды басқару дағдылары мен әдістері менеджерлерге қолданыстағы процесте орнын анықтауға және процестерді жетілдіруде берік амалын әзірлеуге көмектеседі. Тіпті, ол менеджерлерге жаңа бизнес-модельді әзірлеу үшін нұсқаулық бола алатын түрлі бизнес-процестерде стратегиялық келісім туралы ойлау мүмкіндігін береді, -дейді Джижиан Чуй.

Стратегиялық ойлау және жедел басқару дағдыларын биылғы жылы мамыр және маусым айларында Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінде өтетін семинарлар мен курстарда үйренуге болады.

Стратегиялық пайымдауға арналған қарқынды екікүндік семинарда компаниялардың өз бәсекелестерінен асып түсу үшін инновациялық құндылықтарды қалай құратыны қарастырылады. Қатысушыларға олардың бәсеке ортада стратегиялық ойлау қабілеті, олардың клиенттері және өзге мүдделі тараптары, олардың компаниясының бәсекелестер арасындағы позициясы, компанияның ағымдағы және әлеуетті құндылықтарын ары қарай дамытуға арналған қарапайым құралдардың жиынтығы ұсынылады.

Семинар кезінде семинарда ұсынылған тұжырымдар мен құралдарды анағұрлым терең түсіну үшін бизнес-кейстердің мысалдары талданады, оларды қатысушылар ары қарай өз ұйымдары үшін құндылығын құруды қамтамасыз етуде қолдана алады. Операциялық менеджменттің негізгі құраушылары, сондай-ақ Toyota, Capital One, Shouldice Hospital секілді компаниялардағы қолданысы қаралады.

Операциялық менеджмент бойынша семинар туралы нақты ақпаратты келесі сілтеме арқылы оқи аласыз.

Мақала forbes.kz сайтында қолжетімді.