Университетке оқуға түсуге қалай дайындалу қажет? Профессор Чет Боруки ұсынған кеңестер мен ұсыныстар

2018-04-12 11:15:04

Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессоры Чет Боруки қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемені қалай толтыру керек, сұхбат барысында өзіңді қалай ұстау керек және өтініш берген кезде нені жасамау керек екендігі туралы үміткерлерге кеңестер береді.

Қабылдау комиссиясына әсер қалдыру үшін түйіндемеге қандай ақпаратты енгізу қажет?

Chet&Adm

Қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне көптеген құжаттарды қарастыру, конкурсқа жіберілген үміткерлердің кесімді тізімін жасау, содан кейін үздіктерін іріктеу қажет. Мұны қалай жасауға болады? Бұл түйіндеменің мазмұнына да, стиліне де қатысты. Сізде жеке тарих болу керек, соның көмегімен сізге өз «тауарыңызды» «нарықта» немесе Қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне «сату» қажет, бұл ретте Сіздің тарихыңыз сендірерлік болуы тиіс және басқа тарихтарға қарағанда өзгеше болуы тиіс, себебі өтініш берушілердің санына қарағанда, әдетте сыныптағы орындар саны әлдеқайда аз. Өнімді немесе қызметті сату жөніндегі кез-келген бизнесте сияқты, Сіздің «бәсекеге қабілетті ұсынысыңыз» қандай? Қабылдау комиссиясының қызметкерлері сіздің өтінішіңізді басқалармен салыстырғанда анағұрлым лайықты деп қосымша назар аудару үшін Сіздің ұсынысыңыз қаншалықты тартымды болуы тиіс? Үміткердің білімі, дағдылары, қабілеттері, сондай-ақ жеке тұлғасы, мүдделері, ықыласы мен бағдарламаның миссиясы және курстың белгіленген ерекшелігі арасында жақсы үйлесімдік бар ма? Бұл – Қабылдау комиссиясының шешімдеріндегі маңызды аспектілер, олардың кейбіреуін өтініш берушінің түйіндемесінде, ал басқаларын сұхбаттасу барысында анықтауға болады.

Жақсы түйіндемеде келісілген әрі іс жүзінде тексерілген деректер ұсынылады, олар үміткердің біліктілігі жоғары екенін, академиялық үлгерімі жақсы екенін, мақсатты және бағдарды түсінетінін, ол сынып үшін қандай да бір құндылық әкеле алатынын және бөлісе алатынын көрсетеді, мысалы, қызықты жұмыс тәжірибесі, халықаралық тәжірибе, жетекші лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (жұмыс ортасында, клубтарда немесе спортта), кәсіби/жеке тұлғалық дамуы және т.б., сертификаттар алу, мектептен тыс сабақтар, хобби және т.б. біліктіліктері немесе дағдылары.    

Бастапқы нүкте болып барлық үміткерлердің өтінішнің негізгі критерийлеріне сәйкестігі, яғни үлгерімінің рұқсат етілген орташа баллы және жұмыс тәжірибесі бар жылдарының ең аз саны, сондай-ақ GMAT (бизнес-мектептерде сәтті оқу қабілетін анықтауға арналған стандартталған тесттің) / GRE (аспирантураға арналған тесттің) қолжетімді нәтижелері, не болмаса басқа тесттердің нәтижелері табылады, бірақ үміткер тағы қалай ерекшеленуі тиіс? Мінездеме хаттарда өтініш берушінің білімі, біліктілігі, қабілеттері және мінезі туралы не айтылған? Ол сыныпта жақсы бейімделе ме, жақсы командалық ойыншы бола ала ма және оқу аяқталғаннан кейін бағдарлама үшін жақсы өкіл бола ала ма? «Ғылым» үлгерімнің орташа баллы және акдемиялық үлгерім туралы үзінді көшірме сияқты «шынайы» деректерді объективті бағалауда бола алады, яғни Қабылдау комиссисяның шешім қабылдау «өнері» субъективті бағалауға негізделеді, мұндай бағаны Қабылдау комиссиясының қызметкері үміткердің әлеуетіне сүйене отырып, өтінішнің және сұхбаттасудың барлық материалдарына шолу жасаудың негізінде қояды. Сұхбаттасуға жіберілген үміткерлерің кесімді тізімін құрастыру үшін түйіндеме қабылдау комиссиясының қызметкерлеріне жоғарыда сипатталған мазмұны бойынша да, стилі бойынша да жақсы әсер қалдыруы тиіс, ешқандай грамматикалық немесе стилистикалық қателер болмауы тиіс, және этикалық емес мінез-құлықтың ешқандай белгілері жоқ екеніне және  Facebook, Instagram және Linkedin ияқты әлеуметтік желілерде кәсіби емес мазмұны жоқ екеніне назар аударған жөн. Үміткер туралы көбірек білу үшін кейде Қабылдау комиссиясының қызметкерлері әлеуметтік желілердегі сайттарды қарап шығу арқылы «кешенді тексеріс» жүргізеді.

Chet&Ar

Үміткер көзге түсу үшін не істеу керек, өзін қалай ұстауы қажет?

Қандай да бір түйіндемені таңдау үміткердің алдыңғы академиялық үлгеріміне және жұмыс тәжірибесіне негізделген техникалық сәйкестігіне көрсетуі мүмкін, сондай-ақ өз құндылықтарына қатысты және мектеп пен бағдарлма ұстанатын құндылықтарға қатысты «мәдени» сәйкестік мәселесі де бар, бұл да айтарлықтай маңызды. Қарапайым тілмен айтсақ, Қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен әр қарым-қатынас кезінде кәсіби мінез-құлықты жазбаша түрде де, жеке тілдескен кезде де ұстану қажет. Үміткерлерге беделді компанияларға жұмысқа қабылду туралы өтініш берген кезге ұқсайтын оқуға түсу науқанымен танысу қажет, мысалы, сіз сұхбаттасуға күнделікті киім, мысалы, джинси киіп барасыз ба? «Алғашқы әсер қалдыруға жалғыз мүмкіндік қана бар» деп айтылғандай, егер Қабылдау комисииссиясының бір мүшесі қандай да бір нәрсе «жетіспейді» немесе талаптарға сәйкес келмейді деп есептесе, онда тиісті емес сыртқы келбет үміткердің оқуға түсуге деген мүмкіндігіне теріс әсер етуі мүмкін, нәтижесінде іріктеу үдерісінің қандай да бір кезеңінде үміткерді алып тастау туралы шешім қабылданатын болады. Жұмысқа тартылған өзекті әрі мүдделі тараптармен әрбір өзара әрекеттесу кезінде кәсіпқой және сыпайы болыңыз, олар Сіз өз атыңыздан мінездеме хаттарды жібергендер, одан арғы сұхбаттасуға кімді жіберу қажеттігін шешу үшін «сүзгілеу механизмінің» орнына Сізбен байланысу тапсырылған студенттердің өкілдері, сұхбаттасуды өткізетін оқытушылар мен басқа тұлғалар, сондай-ақ құжаттамамен қамтамасыз ету немесе тексеру үшін Сізбен тікелей байланысуға тура келетін Қабылдау комиссиясының қызметкері болуы мүмкін. Іріктеу барысында Сіщ көрсететін мінез-құлық Сіздің бағдарлама бойынша оқуға қабылданған студент ретіндегі мінез-құлқыңыздың көрсеткіші ретінде қарастырылуы мүмкін, және егер Сіз өзіңізді қиын студент болатындай және жақсы командалық ойыншы бола алмайтындай, немесе сіздің құныдылықтарыңыз немесе мінез-құлқыңыз қандай да бір шамада жайсыздық тудыруы мүмкін сияқты көрсетеңіз, онда бұл Сізді оқуға қабылдау туралы шешімге теріс әсер етуі мүмкін.

Өтініш берген кезде нені мүлдем жасамаған жөн?

Жоғарыда айтылғандарға қосымша ретінде, өзің туралы жалған ақпарат бермеген жөн.

Кешенді тексерістен өткен кезде ұқсас қателерге жол бермеңіз. Сіз құжаттар тапсырған бағдарлама сіздің мансаптық мақсаттарыңызға сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Бір мектепте біреуден артық бағдарламаға өтініш берген кезде «қарама-қайшы ақпарат» бермеңіз. Өз өтініңізде оқу мақсаты туралы және/немесе эссе жазған кезде Сізде мансаптық мақсат бар екенін, сондықтан Сіз үміткер болып табылатын бағдарлама осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажет екенін көрсетіңіз, сондай-ақ сіз іріктеу критерийлеріне қаншалықты сай келетініңізді көрсетіңіз, өзіңіз өтініш берген бағдарламаның құндылығын қалай арттыра алатыныңызды нақтылаңыз. 

Бірнеше мектепқе өтініш берген кезде мұқият болыңыз, өз «үлгітүріңізде» мектептің атауын өзгертуді ұмытпаңыз, себебі өтініштерді алған кезде Қабылдау комиссиясының қызметкерлері мектептің және бағдарламаның дұрыс көрсетілмеуіне тап болады, себебі өтініш беруші өтінішті қайта тексермеген.

Кәсіби этиканы бұзбаңыз. Бұл Қабылдау комиссиясының қызметкерлерімен және өзге қытасышуларымен өзара әрекеттескен кезде Сіз сыпайылық пен ықыластық таныту керек екендігіңізді білдіреді. Және егер Сізді сұхбаттасуға шақырса, онда Сіз ұқыпты әрі әдемі киініп, уақтылы келуге тиіссіз, сұрақтарға нақты жауап беру және сұхбаттасушының көзіне қарау қажет.

Қабылдау комиссиясының қызметкері Сізді әлеуметтік желіден тауып алуы мүмкін екенін ұмытпаңыз, сондықтан өз парақшаларыңыз үшін фотосуреттеріңізді мұқият таңдаған жөн.

Өтініш беруге байыптылықпен қараған жөн. Өз өтінішіңізде оқу мақсатына және/немесе эссеге қатысты бірнеше нұсқаларды мұқият қарастырыңыз және басқалардан оның мазмұнына қатысты өз пікірін айтуын сұраңыз, сондай-ақ грамматика мен тыныс беліглеріне назар аударыңыз, әсіресе, егер ағылшын тілі Сіздің туған тіліңіз болмаса.

Барлық қажетті құжаттаманы ретке келтірілген күйде ұстаңыз.

Егер өз отбасыңыздың мүшелері немесе достарыңыз Сіздің жұмысыңыздың құндылығын арттыра алмаса, онда олардан мінездеме беруін сұрамаған жөн. Сіздің атыңыздан мінездеме хат жазып беруін сұрайтын адамдарды таңдаған кезде мұқият болыңыз, себебі бұл адамдар Сіздің бұрынғы жұмыс тәжірибеңізді, біліктілігіңізді, қабілеттеріңізді және мінезіңізді сипаттай алуы тиіс, себебі жазғандарына қатысты түсініктеме беруі үшін Қабылдау комиссиясы олармен байланысуы мүмкін. 

Белгіленген мерзімдерді бұзбаңыз, және Сіз бір нәрсені жасауға үлгермей жатсаңыз, онда Қабылдау комиссиясының қызметкерлерінің мерзімді ұзартуын сұраңыз!

Әрине, осы кеңестерді орындау арқылы Сіздің қандай да белгілі бағдарлама бойынша оқуға түсетініңізге біз кепілдік бермейміз, бірақ бұл кеңестер Өз таңдауыңызға сәйкес белгілі бағдарлама бойынша конкурстан сәтті өтуіңізге мүмкіндігіңізді арттыруы мүмкін. Сәттілік тілейміз!