«Валюта операцияларының диспозиция әсері: студенттердің эксперименталды ойындары негізіндегі дәлелдер»  зерттеу мақаласы

2020-02-14 14:45:15

Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің қауымдастырылған профессоры Марек Йохец  Хана ДВОРАКОВАМЕН және Томас ТИЧИМЕН бірлесіп  «Revista de Cercetare şi Intervenţie Socială» веб-журналында «Валюта операцияларының диспозиция әсері: студенттердің эксперименталды ойындары негізіндегі дәлелдер» жарияланымын дайындады.

Аннотация

Диспозиция әсері инвесторлардың мінез-құлық үрдісі ретінде  шығынды акцияларды тым көп уақыт ішінде  кідірте тұру және ұтысты акцияларды тым ерте сату бойынша акцияларға күрделі салымдар мәнмәтінінде сипатталған. Осы баяндаманың шеңберінде диспозиция әсері валюта операциялары бойынша деректер жиынымен эксперименталды студенттер ойынында да пайдалануға жарамды болуы мүмкін екендігі зерделенеді. Диспозиция әсерінің болуы студенттер демо-ақшаларды пайдаланғанына қарамастан сауда операцияларын нақты мінез-құлық жағдайында жүзеге асырды деген қорытындыға әкеледі, сондай-ақ жыныстық белгісі және сауда көлемі бойынша айырмашылықтарға байланысты қызықты қорытындылар талқыланды. Деректердің эксперименталды жиынын Йочек 2009 – 2015 жж. ішінде жинады, ал студенттер сауданы стандартталған ережелер негізінде жүзеге асырды. Осы баяндамада пайдалы және пайдасыз акцияларды ұстап қалу кезеңдері тестіленді және салыстырылды. Есептердің негізінде деректер жиынында диспозиция әсерінің жалпы болуы расталды. Бұған қоса, әйелдер мен ерлердің осы жүйелі қатеге жол беру бойынша үдерістерінің  әр түрлі болатыны расталды.

Толық мақала ceeol.com сайтында қолжетімді