Венката Суббан Субраманян Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде стратегия жөніндегі  ассистент­профессор  болып  табылады.  Ол  бұрын  Гонконг Университетінде  және  Vlerick  бизнес  мектебінде  сабақ  берген.  Менеджмент саласындағы доктор дәрежесін Брюссель Дербес Университетінің Solvay бизнес мектебінде,  Бельгия  алған,  оған  дейін  ол  Catholic  University  of  Leuven Бельгиияда  және  INSEAD  бизнес  мектебінде,  Францияда  стратегия, халықаралық  менеджмент  және  қаржы  саласындағы  зерттеу  жұмысымен айналысқан. 
Оның  стратегия және  халықаралық  бизнес  саласындағы  еңбектері үздік  академиялық  жураналдар  мен  бизнес  басылымдарда  басылып  шыққан. Доктор  Венката  Суббан  Субраманянның  зерттеу  еңбектері  индустриалдық сектор факторларының ықпалы мен дамып келе жатқан елдердің компаниялары арасындағы жаһандық бәсекелестікті қамтиды. Сондай­ақ ол Еуропа мен Азияда стартап ­жобалары бойынша консультация береді.