Венката Суббан Субраманян Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінде стратегия жөніндегі доцент және деканның ғылыми зерттеу бойынша орынбасары болып табылады. Ол бұрын Гонконг Университетінде және Влерик бизнес мектебінде (Бельгия) сабақ берген. Левендегі Католик Университетінің (Бельгия) Стратегия және халықаралық менеджмент саласындағы зерттеушісі, Франциядағы INSEAD ұйымында қаржы мен стратегия мәселелері жөніндегі зерттеушісі болды. Ол менеджмент саласындағы философия докторы (PhD) дәрежесін Брюссель Дербес Университетінің Солвэй бизнес мектебінде (Бельгия) алған. Оның стратегия және халықаралық бизнес, жаңа нарықтарда бәсекелестік саласындағы еңбектері үздік академиялық журналдар мен бизнес басылымдарда басылып шыққан. Сондай-ақ ол Еуропа мен Азияда стартап-жобалары бойынша кеңес береді.