Жанар Раимбекова

IMG_2379
Тәукелді басқару департаментінің директоры, Назарбаев Университеті
Executive MBA

Менің НУ ЖБМ ЕМВА бағдарламасын таңдауымның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес мектебінің ЕМВА бағдарламасы (НУ ЖБМ) үздік халықаралық бизнес мектептерінің қатарына кіретін Дюкск Университеті Фукуа Бизнес мектебінің жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. Бизнесті басқаруды американдық көзқарастан түсіну оңай деген пікір кең тараған. Сондықтан, ЕМВА сабақтары «ерекше американдық білім» алуға үлкен мүмкіндік береді. Оларға оңай оқылатын кітаптар, әлемдік университеттердің оқытушылары әзірлеген үздік бизнес-кейстер, материалдарды қысқартылған, бірақ түсінікті формада беруге барлық мүмкіндікті жасайтын американдық оқытушылар құрамы кіреді.
Екіншіден, топтағы студенттер саны көп емес. Сондықтан, оқытушыда материалды сабақта жеке қажеттіліктер мен оқыту стильдерін ескере отырып беру үшін уақыт пен мүмкіндік жеткілікті. Үшіншіден, ЕМВА тиісті теориялық және практикалық білім алып, осы білімдерді жұмыста қолдануға, сабақ барысында өзімнің кәсіби және жеке тәжірибиеммен курстастарыммен бөлісуге мүмкіндік береді. ЕМВА – менің курстастарым және мен үшін бір-бірімізді жақсырақ білу үшін мүмкіндік. Бір жыл ағымында адами капитал болып табылатын бір отбасыға айналдық, оны мен жоғары бағалаймын.