Жобаларды басқару семинарі Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде өтті

2017-08-31 10:27:04

2017 жыл 22-24 тамыз аралығында Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінде профессор Младлен Радужковичтің жетекшілігімен «Жобалық менеджменттің тәжірибедегі стратегиясы» тақырыбында үш күндік семинар өтті.

1418

Семинарда тыңдаушылар жобалық менеджменттегі соңғы үрдістер туралы, әсіресе, жобаларды басқару стандарттарымен байланысты және жобаны қалай жетістікке жеткізу керектігі туралы ақпарат алды. Курстағы негізгі назар жобаларды басқару тұжырымдамасын анықтайтын жобалық менеджменттің негізгі құжатын әзірлеуге қажетті жаңа білім мен дағдыларға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай құжат жоба демеушісіне жобаны тиісінше түсіну және басқару мүмкіндігіне кепілдік беретін, жоба менеджері жұмысына негіз болады.

1422

Доктор Младен Радужкович – Загребтік университетте, Хорватия, жобаларды басқару және құрылысты басқару саласындағы профессор, сонымен қатар Словения, Марибордағы Альма-Матер Еуропалық Университетте жобаларды басқару профессоры болып табылады. Ол Хорватиялық жобаларды басқару қауымдастығының (CAPM) президенті, сонымен қатар PM (SENET) аймақтық қауымдастықтың негізін қалаушылардың бірі болып табылады. 2013-2014 жж аралығында ол Швейцарияда штаб-пәтері бар Жобаларды басқару халықаралық қауымдастығының (IPMA) президенті, 2007-2012 жж аралығында үш мандаттағы IPMA вице-президенті болды. Қазіргі уақытта ол IPMA өкілдер кеңесі төрағасының қызметін атқарады.

1548