Іскерлік әкімшілендіру магистрі
Басты Бет → Бағдарламалар → Full-Time MBA

Біздің Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) бағдарламамыз Қазақстан мен Орталық Азиядағы бизнес көшбасшыларының келесі буынын дамытудағы миссиямызда маңызды рөл атқарады. Бастапқы мансап мамандарына арналған, біздің MBA бағдарламасы сізге жаһандық бизнес ортасында тиімді басқаруға қажетті дағдыларды, білім және ой-өрісті ұсынады.
Жаңа кешкі және демалыс күндері өтетін MBA бағдарламасы қолы бос емес кәсіпқойларға 17 айда MBA дәрежесін алуға және мансаптық өсуді жалғастыруға мүмкіндік береді.
МВА бағдарламасы бойынша оқу нәтижелері
МВА бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектер:
  1. Жергілікті және халықаралық жағдайларда мәселелерді шешудің жан-жақты техникалық және когнитивті дағдыларын көрсете алады.
  2. Бизнес теориясының, стратегияны және сандық талдауды әзірлеуде терең білімін көрсете алады.
  3. Бизнес-ахуалдарды бағалау кезінде сыни ойлаудың жоғары деңгейін көрсете алады.
  4. Командалық жұмыстың, қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың ерекше дағдыларына ие болады.
  5. Көшбасшылық қабілеттерінің жоғары деңгейін көрсете алады.
  6. Шешім қабылдау және басшылық ету үшін этикалық ой-пікірлерді қолдана алады.
МВА бағдарламасы студенттері әдетте келесі бағалау әдістеріне сәйкес бағаланады:
Курстардағы қорытынды бағалар
Курстардағы емтихан бағалары
Жазбаша практикум жобасы
Практикум жобасы Ауызша қорғау/презентация
MBA бағдарламасын табысты аяқтау үшін студенттен бірқатар жеке кезеңдерді аяқтау талап етіледі:
Бағдарламаға табысты түсу.
CGPA 2.67 болатын барлық қажетті курстық жұмыстарды сәтті аяқтау.
Қорытынды практикум жобасын сәтті аяқтау.
Курстардың сипаттамасы
Айтылмыш курстың мақсаты – бұл адамдардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, студенттерді тиімді көсбасшы және басқармашы ретінде дайындау. Бұл курс келесі бағыттарға тереңірек тоқталады: талқылаудың және ұйымдарстырудың қағидалары, ынталандыру жүйесін құру, қызметкердің уәждемесі, тиімді командаларды басқару, дұрыс шешім қабылдау, әр түрлілік енгізу, жұмысты бөлуді ұйымдастыру және де тиімді көсбасшыны анықтау.