Жаңалықтар

Өмір бойы білім алуға деген ұмтылыс ұрпақтан ұрпаққа жалғасқанда

NUGSB студенттерімен сұхбат:
Серік Төлебаев, EMBA бағдарламасы
Ерхан Қошқарбаев, BBA бағдарламасы

Неліктен сіз NUGSB таңдадыңыз? Ұлыңыздың оқуға түсуі сіздің де EMBA бағдарламасы бойынша білім алуды жалғастыру шешіміңізге әсер етті ме?

Бұған дейін мен өзім Назарбаев Университетіне түсу туралы ойламаған едім, бірақ Ерханның дәл сол жерде оқығанын әрдайым армандадым. Себебі бәріміз де университеттің жоғары рейтингі мен білім беру деңгейін жақсы білеміз.

Түлектер үшін беделді мансап құруға үлкен мүмкіндіктер ашылады.

Ерхан оқу барысында жиі өз әсерлерімен бөлісіп, қандай білім алып жатқанын айтып отыратын. Мен оның қалай өзгеріп жатқанын байқай бастадым: ой-өрісі кеңейді, дүниетанымы айтарлықтай өсті. Сонымен қатар алған білімінің болашақ мамандығында шынымен де сұранысқа ие болатыны көрініп тұрды.

Уақыт өте келе менде де ой пайда болды: неге өзім де осындай университетте оқып көрмеске?

Мен әрдайым «білім алу өмір бойы жалғасуы керек» деген қағиданы ұстанамын. Сондықтан сұрағыңызға жауап берсем, иә — менің таңдауыма Ерханның пікірі мен оның оқу тәжірибесі әсер етті.

Сіздер бір-біріңізге оқу бойынша кеңес беріп тұрасыздар ма? Кім кімді көбірек ынталандырады?

Бір бизнес мектепте ұлымен бірге оқу — бір-біріңе үнемі кеңес сұрауға жақсы мүмкіндік береді. Әртүрлі ұйымдастырушылық мәселелер туындайды, және Ерхан маған соларды түсінуге көмектеседі. Ал мен өз тарапымнан өмірлік тәжірибеммен бөлісемін — әсіресе Ерханда белгілі бір жағдайда қалай дұрыс әрекет ету керек деген сұрақтар туындағанда.

Мотивацияға келетін болсақ, менің ойымша, біз бір-бірімізді ынталандырамыз. Әртүрлі буын өкілдері: үлкендер жастардан шабыт алады, ал жастар үлкендерден үлгі көреді.

57 жаста бола тұра оқуды жалғастыру — бұл, әрине, жастарға үшін үлкен мотивация.

Сіздер бір университеттің студенті болғаннан кейін қарым-қатынастарыңыз өзгерді ме? Ортақ талқылайтын тақырыптар көбейді ме?

Әрине, ортақ тақырыптар көбейді. Бізде пәндер мен профессорлар бойынша ұқсастықтар бар, сондықтан бір-бірімізбен жиірек араласатын болдық.

Ерханның академиялық тұрғыдан тәжірибесі көбірек — ол пәндерді жақсырақ меңгерген және оқытушыларды жақсы таниды. Сол себепті кейде менің оған қоятын сұрақтарым, оның маған қоятын сұрақтарынан да көп болып жатады.

Сонымен қатар оқу бағдарламаларының айырмашылығы бар: Ерхан және оның Bachelor of Business Administration бағдарламасындағы курстастары білімді көбіне теориялық тұрғыдан алады, ал бізде, Executive MBA бағдарламасында, оқу өмірлік және кәсіби тәжірибеге сүйене отырып жүргізіледі.

Сондықтан да әртүрлі тақырыптарды талқылау біз үшін өте қызықты — біз жиі пікір алмасамыз, кейде тіпті пікірталасқа да түсіп жатамыз, және бұл өте пайдалы.

Қазіргі студенттік өмір мен «сіздің уақытыңыздағы» студенттік өмірдің айырмашылығы қандай? Бағаларға кім қатаң қарайды — әке ме, әлде ұл ма?

Қазіргі студенттік өмір, әрине, біздің кезімізбен салыстырғанда айтарлықтай өзгеше. Әртүрлі буын — әртүрлі көзқарас.

Мен Назарбаев Университетінде жасалған жағдайларға жағымды таңғалдым: оқу жүйесі, инфрақұрылым, спорт, жатақхана мүмкіндіктері, жалпы атмосфера. Шынымды айтсам, біздің уақытта мұндай мүмкіндіктерді тек армандауға болатын. Қазір бәрі бар — ең бастысы, оқып, осы ресурстарды тиімді пайдалану.

Бағаларға келетін болсақ: Ерхан үшін де бағалар, нақты білім де маңызды. Мен үшін де бағалардың маңызы бар, бірақ мен көбірек практикалық білімге басымдық беремін.

Болашақта бірге жұмыс істеуді жоспарлайсыздар ма? Оқудан қандай үміт күтесіздер және алдағы мансаптық жоспарларыңыз бен армандарыңыз қандай?

Барлығы жағдайға байланысты болады. Ерхан өз жолын және жұмыс орнын өзі таңдайды, ал мен өз кәсіби қызметімді жалғастырып келемін. Біздің басты міндетіміз — алған білімімізді тәжірибеде барынша тиімді қолдану. Соның ішінде компаниямыздың дамуына үлес қосу және өз кәсіби амбицияларымызды жүзеге асыру.

Жалпы алғанда, бір университетте бірге оқу мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымыз — бұл екеуміз үшін де ерекше әрі құнды тәжірибе.