Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы
Басты Бет → Бағдарламалар → Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі жетекші академиялық институттардың ОПҚ мүшесі болуға немесе тиісті ұйымдарда қолданбалы зерттеулер жүргізуге ұмтылатын студенттерге арналған Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы (PhD) жеделдетілген бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама тиісті зерттеулердің теориялық және эмпирикалық құралдары бойынша берік негізді қамтамасыз етеді.

Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы (PhD in BA)
Бұл бағдарлама кімдерге арналған?
Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы бағдарламасы жетекші академиялық оқу орындарында оқытушы ретінде академиялық мансап құруға және Бизнес әкімшілендірудің негізгі бағыттары — Есеп және аудит, Бизнес экономикасы, Қаржы, Менеджмент, Ұйымдар және Стратегия — бойынша іргелі ғылыми зерттеулер жүргізуге ұмтылатын мамандарға арналған.көздейтін кәсіби мамандарға арналған. Бағдарлама түлектерді академиялық білімді дамытуға және бизнес тәжірибесі мен саясатқа ықпал ететін жоғары сапалы ғылыми зерттеулер жасауға дайындайды.

Бұл бағдарлама сізге не береді?
Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы (PhD) жеделдетілген бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама тиісті зерттеулердің теориялық және эмпирикалық құралдары бойынша берік негізді қамтамасыз етеді. Бағдарламаны аяқтағаннан кейін сіз Бизнес әкімшілендірудің негізгі бағыттары — Есеп және аудит, Бизнес экономикасы, Қаржы, Менеджмент, Ұйымдар және Стратегия — бойынша тәуелсіз, инновациялық және жоғары сапалы зерттеулерді жобалап, жүзеге асыра аласыз. PhD бағдарламасы Қазақстанда және шетелде жетекші академиялық мекемелерде, соның ішінде бизнес әкімшілендіру саласындағы оқытушылық және ғылыми-зерттеу лауазымдарда академиялық мансап құруға берік негіз қалайды.

Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы бағдарламасы туралы
Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы – бұл екі жылдық академиялық курстарды, дербес зерттеу жобаларын, кешенді емтиханды, диссертациялық ұсынысты әзірлеуді, диссертация жазу мен қорғауды қамтитын төрт жылдық докторлық бағдарлама. Бағдарлама Солтүстік Америкадағы жетекші PhD бағдарламаларының үлгісіне сәйкес әзірленген және Болон үдерісіне, сондай-ақ Nazarbayev University жоғары білім беру бағдарламаларының жаңартылған тұжырымдамасына сәйкес келеді.
Неліктен НУ ЖБМ ғылым докторы?
  • Зерртеу бизнес мектебі
    Зерттеу негізінде білім алу қоғамның игілігі үшін жаңа идеяларға икемді және ашық болашақ мамандарды дайындай отырып қызмет етеді. Осы мақсатта біз жақсы ғылыми идеялар үлкен зерттеу нәтижелеріне айналатын зерттеу факультетін тартып, мәдениетін жасауға ұмтыламыз.
  • Әлемдік деңгейдегі жабдықтар

    Университет сыныптары ең жаңа технологиялармен жабдықталған және студенттер бұл құралдарды оқу мен зерттеулерді ілгерілету үшін пайдалана алады.

  • Әлемдік электрондық кітапханаларға шығу
    Назарбаев Университетінің студенттері НУ кітапханасы арқылы әлемдік жетекші бизнес-басылымдарға және WRDS, Bloomberg және т.б. мәліметтер базасына қол жеткізе алады.
  • Іскелік байланыстар & жұмыспен қамту
    Біз мансап апталықтарын ұйымдастыру арқылы жұмыс іздеуде көмек көрсетеміз.
  • Халықаралық резиденция
    PhD докторантурасының 3 және 4 жылдарында студенттер  халықаралық ғылыми тәжірибе жинақтау және әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу факультетімен ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін жетекші академиялық мекемеде халықаралық резидентурадан өтуге мүмкіндік алады.
  • Әлемдік деңгейлі оқытушылар
    Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессорлары өз пәні бойынша көшбасшылар болып табылады. Олар Stanford, Wharton, INSEAD сияқты әлімдік үздік университетерде оқыды және жұмыс істеді, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіп ұшырайтын заманауи мәселелер бойынша зерттеу қызметін жүзеге асыруда.
  • Кампус:

    Астана, Қазақстан
  • Тілі:
    Ағылшын
  • Оқу форматы:
    Толық уақытты, кампуста
  • Әлемдік тәжірибе:
    Халықаралық резидентура
  • Ұзақтығы:
    4 жыл
  • Бағдарламаның басталуы:
    Тамыз
PhD немесе DBA: Өзіңізге сәйкес бағдарламаны таңдаңыз
Төмендегі кестеде екі докторлық бағдарламаның негізгі айырмашылықтары көрсетілген
NUGSB DBA
NUGSB PhD
Кәсіби нәтижелер
Мансапты дамыту (басқарудағы кәсіби мансапты толықтырады)
Ғылыми зерттеулерде академиялық мансапты қалыптастыру
Оқу жоспары
Қолданбалы бағыт (сіздің ұйымыңыз / салаңыз / кәсіби салаңыз бойынша зерттеулер)
Академиялық бағыт


Оқу форматы
Гибридті формат (кәсіби қызметтен бөлінбей)
Кампуста толық оқу форматы

Ұзақтығы
3 жыл
4 жыл
Зерттеу дайындығына бағыт
Сіздің ұйымыңызда немесе кәсіби салада зерттеу жүргізуге дайындық



Барлық негізгі зерттеу әдістеріне дайындық (мысалы, тұжырымдамалық, эмпирикалық зерттеулер, модельдеу, эксперименттер)
Құрылатын құндылық
Мансаптық капиталды нығайту
Зерттеу капиталды қалыптастыру
Оқытушы-профессорлар құрамы
Бізбен байланысу үшін:
Айнабекова Акерке

Қабылдау жөніндегі аға менеджер

+ 7 (7172) 70 65 67

akerke.ainabekova@nu.edu.kz

Таласбаева Ардак
Қабылдау жөніндегі менеджер
+7 (7172) 70 66 83
ardak.talasbayeva@nu.edu.kz
Нұрбапа Аружан
Қабылдау жөніндегі менеджер
+7 (7172) 70 58 88
aruzhan.nurbapa@nu.edu.kz