Іскерлік әкімшілендіру докторы
Басты Бет → Бағдарламалар → Іскерлік әкімшілендіру докторы

DBA бағдарламасы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде (NUGSB) мансаптық капиталын нығайтуды және кәсіби кемелдікке жетуді мақсат еткен тәжірибелі мамандарға арналған. Бағдарлама мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бірегейлікті қалыптастыруға және үздіксіз кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдіру мәдениетін дамытуға ықпал етеді. DBA бағдарламасы басқарушылық тәжірибені қолданбалы зерттеулердің озық дағдыларымен ұштастыра отырып, тыңдаушыларды қазіргі заманғы салаларда туындайтын күрделі мәселелерді шешуге дайындайды.

БРОШЮРАНЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

Іскерлік әкімшілендіру докторы
Бұл бағдарлама кімдерге арналған?

DBA бағдарламасы күрделі басқару және салалық міндеттерді шешуге ұмтылатын, өз саласында елеулі тәжірибесі бар тәжірибешілерге арналған. Бар білімін әрі қарай дамытуды және тереңдетуді бағытталған бағдарлама мансаптық капиталды нығайтып, үздіксіз кәсіби және құзыреттілікті арттыру жолын белгілейді.

Сіз не аласыз?

DBA бағдарламалары бойынша жүргізілген зерттеулер олардың кәсіби бірегейлікті қалыптастыруда және жеке өзін-өзі жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетеді. Бағдарламаның негізгі ерекшелігі – қолданбалы, практикалық зерттеулерге бағытталуы: бұл ұйым ішінде нақты уақыт режимінде жүргізілетін және тікелей практикалық құндылыққа ие зерттеулер. Бағдарламаның икемді құрылымы басқару ғылымында жаңа теориялық көкжиектерді аша отырып, нақты міндеттерді шешуге бағытталған және сіздің ұйымыңызда немесе кәсіби салада қолданылатын зерттеу тәсілдерін ұсынады.

DBA бағдарламасы туралы

Іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) бағдарламасы - гибридті оқыту форматы бар үш жылдық бағдарлама. Ол екі негізгі кезеңнен тұрады: Оқу модулі және маңызды бизнес мәселесін шешуге арналған докторлық диссертацияны дайындаумен және қорғаумен аяқталатын зерттеу кезеңі. Мұндай құрылым кешенді білім беру тәжірибесін қамтамасыз етіп, теориялық білімді практикалық қолданумен үйлестіреді.
Неліктен НУ ЖБМ іскерлік әкімшілендіру докторы?
  • Зерртеу бизнес мектебі
    Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі зерттеуге бағытталған оқытушыларды тартуға және жақсы зерттеу идеяларын сапалы зерттеу нәтижелеріне айналдыратын мәдениетті қалыптастыруға ұмтылады.
  • Әлемдік деңгейдегі жабдықтар

    Университет сыныптары ең жаңа технологиялармен жабдықталған және студенттер бұл құралдарды оқу мен зерттеулерді ілгерілету үшін пайдалана алады.

  • Іскелік байланыстар & жұмыспен қамту
    NUGSB DBA бағдарламасы мықты кәсіби қауымдастыққа қол жеткізу мүмкіндігін ашады: бұл мектеппен, түлектер қауымдастығымен және профессорлық-оқытушылық құраммен тығыз байланысқан ең белсенді түлектер желілерінің бірі. Бұл қауымдастық ішіндегі тұрақты өзара әрекеттесу іскерлік байланыстарды дамытуға және оларды бизнес пен мансапта тиімді қолдануға ықпал етеді.
  • Халықаралық резиденция
    Халықаралық ғылыми тәжірибе жинақтау және әлемдік деңгейдегі ғылыми-зерттеу факультетімен ғылыми ынтымақтастықты дамыту үшін жетекші академиялық мекемеде халықаралық резидентурадан өтуге мүмкіндік аласыз.
  • Әлемдік электрондық кітапханаларға шығу
    Назарбаев Университетінің студенттері НУ кітапханасы арқылы әлемдік жетекші бизнес-басылымдарға және WRDS, Bloomberg және т.б. мәліметтер базасына қол жеткізе алады.
  • Әлемдік деңгейлі оқытушылар
    Назарбаев Университеті Бизнес жоғары мектебінің профессорлары өз пәні бойынша көшбасшылар болып табылады. Олар Stanford, Wharton, INSEAD сияқты әлімдік үздік университетерде оқыды және жұмыс істеді, сондай-ақ бизнес пен өнеркәсіп ұшырайтын заманауи мәселелер бойынша зерттеу қызметін жүзеге асыруда.
  • Кампус:

    Астана, Қазақстан
  • Тілі:
    Ағылшын
  • Оқу форматы:
    Гибридті
  • Бағдарламаның басталуы:
    Тамыз
  • Ұзақтығы:
    3 жыл
  • Әлемдік тәжірибе:
    Халықаралық резидентура
DBA немесе PhD: Дұрыс таңдау жасау

Төмендегі кестеде екі докторлық бағдарламаның негізгі айырмашылықтары көрсетілген

NUGSB DBA
NUGSB PhD
Кәсіби Нәтижелер
Мансапты дамыту (басқарудағы кәсіби мансапты толықтырады)
Ғылыми зерттеулерде академиялық мансапты қалыптастыру
Оқу жоспары
Қолданбалы бағыт (сіздің ұйымыңыз / салаңыз / кәсіби салаңыз бойынша зерттеулер)
Академиялық бағыт
Оқу форматы
Гибридті формат (кәсіби қызметтен бөлінбей)
Кампуста толық оқу форматы
Ұзақтығы
3 жыл
4 жыл
Зерттеу дайындығына бағыт
Сіздің ұйымыңызда немесе кәсіби салада зерттеу жүргізуге дайындық
Барлық негізгі зерттеу әдістеріне дайындық (мысалы, тұжырымдамалық, эмпирикалық зерттеулер, модельдеу, эксперименттер)
Құрылатын құндылық
Мансаптық капиталды нығайту
Зерттеу капиталды қалыптастыру
Оқытушы-профессорлар құрамы
Бізбен байланысу үшін:
Айнабекова Акерке

Қабылдау жөніндегі аға менеджер

+ 7 (7172) 70 65 67

akerke.ainabekova@nu.edu.kz

Таласбаева Ардак
Қабылдау жөніндегі менеджер
+7 (7172) 70 66 83
ardak.talasbayeva@nu.edu.kz