Студент ретінде сіздің мансаптық амбицияларыңыз бар екенін және өзіңізге әртүрлі мақсаттар қойғанын түсінеміз және оларға жетуге көмектесу біздің міндетіміз деп санаймыз. Жоғары Бизнес Мансап қызметтері мектебінің командасы біздің студенттерді жеке мансаптық дамуын басқару және армандаған жұмыс ұсынысын алуға көмектесу үшін құралдармен және кәсіби желімен жабдықтайды.
МВА түлектерін жоғары сапалы рекрутерлермен байланыстыру үшін біз Астанадағы және басқа аймақтардағы үздік ұлттық және халықаралық жұмыс берушілермен жақсы жұмыс әріптестік орнаттық. Жоғары бизнес мектебінде атқаратын ісіміздің бәрі негізгі мақсатты қолдайды: студенттерді дипломдық бағдарламаларымыздың бірін аяқтағаннан кейін мансаптық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесу үшін қажетті біліммен және құралдармен жабдықтау.
Біздің миссиямыз өзіміздің МВА студенттерімізді қажетті дағдылармен қамтамасыз ете отырып, олардың соңғы карьералық мақсаттарына жетуге көмектесу үшін, бағдарлама бойынша оқуларын аяқтағаннан кейін идеалды жұмысқа орналаса алуы үшін оқыту, біріктіру және кеңес беруде жатыр. Біз сол сияқты ұлттық және шетелдік компанияларды Жоғары Бизнес Мектебінің мұрасын жалғастыратын жоғары кәсіби мамандармен қамтамасыз ету мақсатында олармен де табысты берік байланыстарды орнатуға тырысамыз. Біз өз студенттерімізге оқуды бітіріп шыққаннан кейін де өз карьерасын басқару жауапкершілігін алуға көмектескіміз келеді.
Жоғары Бизнес Мектебінің Карьералық қызметі біздің мектебіміздің студенттеріне де, сондай-ақ түлектеріне де жан-жақты қолдау көрсетеді. Біз өз клиенттеріміздің және негізгі мүдделі тұлғалардың қажеттіліктеріне жауап беретін қызметтерді ұсыну үшін, Назарбаев Университетінің Карьералық даму орталығымен және тұтас университет бойынша әріптестер қауымдастығымен ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз.
Бизнес Жоғары мектебінің мансаптық қызмет көрсету орталығы екі жаққа да лайықты серіктес іздеуде студенттер мен әлеуетті жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас жасайды. Студенттер Жоғары бизнес мектебінде оқу кезінде мансапты дамытуға бағытталған іс-шараларға қатысады. Бұл іс-шаралар мансаптық апта цикліне біріктірілген және оқу бағдарламасы кезінде өтеді.
I мансап апталығы-қараша
II мансап апталығы-наурыз
III мансап апталығы-қыркүйек
Жалға алынатын талантты үміткерлердің қатарын кеңейту және мектептің білікті түлектеріне немесе жуырда оқуын аяқтайтын қазіргі МВА студенттеріне қол жеткізу үшін, жұмыс берушілер/компаниялар Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Карьералық қызметімен ынтымақтастыққа шақырылады.
Contact us at: zhasmin.yersaiyn@nu.edu.kz
Бізбен жұмыс істеп келе жатқан жұмыс берушілердің қатарына қосылыңыздар да, білікті түлектер туралы ақпарат алу үшін Назарбаев Университеті Жоғары Бизнес Мектебінің Карьералық қызметін пайдаланыңыздар. Сіздер Карьералық қызметтің аға менеджерімен байланысып, қандай іс-шараларға қатысқыңыз келетінін көрсете аласыздар. Біз Сіздердің сұрауларыңызды алғаннан кейін Сіздермен байланысамыз және Сіздің компанияңызбен ынтымақтасу жолын қуана талқылаймыз.
Болашақта сіздің кадрлық қажеттіліктеріңізді қанағаттандыруда қалай көмектесе алатынымызды зерттеуге асықпыз.