Қаржы саласында мансап сатысымен жылдам өрлеу үшін аса қажетті дәреже.
НУ БЖМ қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы қаржы саласында мансап құруға ұмтылатын адамдарға арналған арнайы, сандық тұрғыдан бағаланатын оқу курсы болып табылады. Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасы жас мамандарды біліммен, дағдылармен, сонымен қатар мемлекеттік ұйымдарда немесе жеке секторда қаржы саласындағы лауазымдарда жетістікке жету және тиімділігін көтеру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.
Бітірушілер, әдетте, банкілік инвестициялар, қаржылық жоспарлау, корпоративтік қаржы, қаржылық талдау және кеңес беру, сонымен қатар сақтандыру, құрылыс және жылжымайтын мүлік саласында жұмысқа тұрады. Қаржы саласында магистр дәрежесін алу бағдарламасының басқару және жетекшілік ету лауазымдарына үміткер бітірушілері көп жағдайда бірнеше жыл еңбек өтілін жинақтағаннан кейін МВА дәрежесін алуға тырысады.Астана, Қазақстан
Ағылшын
Толық уақытты, кампуста
Тамыздың соңы
16 ай
Халықаралық резидентура
Zhanna Alimbayeva