SME көшбасшылықты оқыту бағдарламасы
Басты Бет →Басшы Қызметкерлерді оқыту → ШОБ оқыту


Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындардың кәсіпкерлері мен аға менеджерлеріне бизнесті оқыту және қолдау көрсету
Бағдарлама туралы

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

2011 жылы басталған «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» өз бизнесін айтарлықтай дамытқысы келетін Қазақстандағы кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнестің аға менеджерлеріне бизнес бойынша білім беру мен қолдау көрсетеді.

Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі демеушілік жасап, қаржыландырады және «Даму» қорының қолдауымен жүзеге асырылады.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» табысты бизнесті дамытудың соңғы үлгілерін енгізуге, жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тиімді басқару дағдыларын дамытуға және бизнестің стратегиялық және тактикалық міндеттерін шешуге бағытталған. Назарбаев Университеті бағдарламаны Дьюк университетінің (АҚШ) құрамына кіретін Duke Corporate Education компаниясымен серіктестікте жүзеге асырады.

Бағдарлама құрылымы
01.Күндізгі оқу
Бағдарлама Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебі өткізетін үш күндік оқу модулінен басталады. Білім беру орыс тіліне ілеспе аударуды қамтамасыз етумен ағылшын тілінде жүргізіледі.
02.Вебинарлар
Күндізгі модульден кейін вебинарлар сериясы өтеді. Вебинарлар қатысушыларға бизнес-сарапшыларға сұрақтар қоюға мүмкіндік беретіндей интерактивті түрде қазақстандық мамандармен бірлесіп өткізіледі.
Бағдарлама сәтті аяқтағаннан кейін қатысушыларға сертификат беріледі. Бұл сертификат бағдарламаның түлектеріне «Іскерлік қатынастар» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
  • 3800+
    Түлектердің саны
  • 10
    2011 жылдан бастап жүзеге асырылуда
  • 17
    ҚР аймақтары
Бізбен байланысу үшін:
Gulnar Yermagambetova
Senior Manager
+7 (7172) 70 64 60
gsb.exed@nu.edu.kz
Aigerim Zholmyrza
Manager
+7 (7172) 70 57 63
gsb.exed@nu.edu.kz