Егер сіз «Мен бастық немесе топ жетекшісі ретінде қалай тиімді бола аламын?», «Команданы қалай ынталандыру керек?» немесе «Командадағы адамдар қалай дұрыс және тиімді шешім қабылдай алады?» деген сұрақтарды өзіңізге қойған болсаңыз, бұл курс сізге арналған. Заманауи зерттеулер мен тәжірибеге негізделген курс тиімді командалық жұмыс және адамдарды басқару туралы түсінікті жеңілдетуге арналған. Біз мотивация, өкілеттік, шешім қабылдау және команданы дамыту сияқты басқарудың негізгі тұжырымдамаларын қарастырамыз.
Курс интерактивті форматта өтеді және қатысушылардың белсенді қатысуын талап етеді. Сабақ барысында қысқа дәрістер, сыныптағы бірлескен жаттығулар, презентациялар және шағын кейстерді талқылау қолданылады. Курс соңында қатысушылар өздерінің жеке және командалық тиімділігін арттыру үшін пайдалы тұжырымдамалар, тәсілдер мен стратегиялар жиынтығымен таныс болады. Бұл құралдар қатысушыларға ұйым ішінде тиімді «жоғары (бастық)», «төмен (бағынышты)», «көлденең бойынша (әріптестер)» басқаруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама кестесі
Жақын кезде
Қосымша сұрақтарыңыз болса, біз оларға қуана жауап береміз.
Тел.:
+7 (7172) 70 57 63
+7 (7172) 70 64 00
+7 (7172) 70 91 76
+7 (701) 366 74 94
+7 (7172) 70 90 44
Email:
gsb.exed@nu.edu.kz