Экономика саласындағы бакалавры
Басты бет → Бағдарламалар → Экономика саласындағы бакалавры

Экономика бойынша бакалавриат бағдарламасы студенттерге берік теориялық негіз және түрлі экономикалық салаларға шолу жасайтын міндетті және факультативті курстардың ерекше үйлесімін ұсынады. Бағдарлама микроэкономика және макроэкономика саласындағы негізгі экономикалық теория бойынша жоғары деңгейде дайындықты қамтамасыз етуді, сондай-ақ әртүрлі салаларда терең білім беруді мақсат етеді. Бағдарлама студенттерге бизнес және мемлекеттік секторда сәтті мансап құру үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды, сондай-ақ экономика, бизнес-әкімшілік, халықаралық қатынастар, құқық және басқа да салалар бойынша аспирантурада оқуға дайындық береді.

БРОШЮРАНЫ ЖҮКТЕУ
АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ
Біздің кампус

Назарбаев Университетінің кампусі студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге университеттік өмірді толық сезінуге көмектеседі. Кең ауқымды қызметтер мен мүмкіндіктер арқасында біз әр адамға өмір сүруге, білім алуға, жаңа идеялар әзірлеуге, жеке және кәсіби тұрғыда өсуге және, әрине, өмірден ләззат алуға мүмкіндігі бар гүлденген қоғамдастықты жасауға тырысамыз!

ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Қызметтер
Назарбаев Университетінің кампусында демалуға, кофе ішуге, дәмді тамақ ішуге және достарымен әңгімелесуге арналған көптеген орындар бар. Университеттің кафетерийлері әртүрлі негізгі тағамдармен, бутербродтармен, тағамдармен және десерттермен тамақтануды ұсынады.
ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Жатақханада тұру

Жатақханада өмір сүруде сіздің қүқықтарыңыз және міндеттеріңіз бар. Бұл жаңадан келген оқушы және Назарбаев Университеті жатақханасының тұрғыны үшін жаңа бастау. Жатақхананың ортасында біз студенттердің өзін-өзі тануға және студенттік өмірге белсене қатысуға қызықтырамыз.

ҚОСЫМША АҚПАРАТ
Бізбен байланысу үшін:
Дана Базаркулова, PhD
Бағдарлама директоры
+7(7172) 70 57 44
dana.bazarkulova@nu.edu.kz
NU Байланыс орталығы
+7 (7172) 64 25 84