Іскерлік әкімшілендіру докторы
Басты Бет → Бағдарламалар → Іскерлік әкімшілендіру докторы

DBA бағдарламасы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде (NUGSB) мансаптық капиталын нығайтуды және кәсіби кемелдікке жетуді мақсат еткен тәжірибелі мамандарға арналған. Бағдарлама мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бірегейлікті қалыптастыруға және үздіксіз кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдіру мәдениетін дамытуға ықпал етеді. DBA бағдарламасы басқарушылық тәжірибені қолданбалы зерттеулердің озық дағдыларымен ұштастыра отырып, тыңдаушыларды қазіргі заманғы салаларда туындайтын күрделі мәселелерді шешуге дайындайды.

БРОШЮРАНЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

Оқу төлемі
Ұзақтығы – 3 жыл
Оқу ақысы жылына – 23 500 доллар
Өтінім беру құны
Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені және өтінімдерді қабылдаудың ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда 45 000 теңгені құрайтынын ескеріңіз. Бұл сома қайтарылмайды