Іскерлік әкімшілендіру докторы
Басты Бет → Бағдарламалар → Іскерлік әкімшілендіру докторы

DBA бағдарламасы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде (NUGSB) мансаптық капиталын нығайтуды және кәсіби кемелдікке жетуді мақсат еткен тәжірибелі мамандарға арналған. Бағдарлама мансаптық мүмкіндіктерді кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік бірегейлікті қалыптастыруға және үздіксіз кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдіру мәдениетін дамытуға ықпал етеді. DBA бағдарламасы басқарушылық тәжірибені қолданбалы зерттеулердің озық дағдыларымен ұштастыра отырып, тыңдаушыларды қазіргі заманғы салаларда туындайтын күрделі мәселелерді шешуге дайындайды.

БРОШЮРАНЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

АКАДЕМИЯЛЫҚ КҮНТІЗБЕ

DBA Бағдарлама бойынша оқу нәтижелері
DBA бағдарламасын сәтті аяқтаған түлектер:

1. Ұйымдардың тиімділігін арттыра отырып және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, негізгі ұйымдастырушылық және сыртқы факторларды анықтауға, талдауға және біріктіруге сыни және зерттеуге бағытталған тәсілді дамыту.
2. Ұйымдастырушылық тиімділікті арттыруға және болашақ өсу перспективаларын анықтауға бағытталған ғылыми негізделген шешімдерді көрсете отырып, бизнес пен менеджменттің күрделі мәселелерін шешу үшін тұжырымдамалық идеяларды тұжырымдау және қолдану.
3. Іскерлік және басқару саласындағы зерттеулер арқылы практикалық және академиялық маңызы бар білімді құру және тарату, ұйымдарға жергілікті әсер етуді қамтамасыз ету және кеңірек, жаһандық ғылыми және кәсіби дискурстың дамуына үлес қосу.
4. Таңдалған мамандандыру саласы бойынша (мысалы, бухгалтерлік есеп, қаржы, менеджмент, маркетинг, стратегия) тереңдетілген білімді көрсету және кешенді бизнес-міндеттерді шешу мен инновацияларға мүмкіндіктер жасау үшін озық зерттеу әдістерін тиімді қолдану.
5. Өз сараптама саласы аясында сенімді әрі кәсіби түрде коммуникация жүргізу, салалық және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен өзара әрекеттесе отырып, қолданбалы зерттеулер, консалтингтік қызмет және зияткерлік көшбасшылық арқылы басқару практикасына ықпал ету және саясатты қалыптастыру.
DBA бағдарламасын сәтті аяқтау үшін студенттен қажетті кезеңдерден өтуді талап етеді:
  • Бағдарламаға сәтті түсу.
  • Бағдарлама бойынша барлық қажетті курстық жұмыстарды қанағаттанарлық дәрежеде орындау.
  • Диссертацияның ғылыми жобасы бойынша ұсыныстарды дайындау, ұсыну және сәтті қорғау.
  • Диссертациялық жұмысты орындау үшін қажетті зерттеу жүргізу.
  • Белгіленген талаптарға сәйкес диссертациялық жұмысты дайындау және рәсімдеу.
  • Диссертациялық жұмысты консультативтік комитеттің бекітуі.
Курстардың сипаттамасы:
Бағдарлама келесі негізгі аспектілерді қамтиды:
  1. 8 курс:
1) 6 негізгі пән;
2) 2 Бейіндік элективті пән.

2. Қолданбалы зерттеу жұмысының тапсырылуы және презентациясы (2-курстың жазғы семестрінде).
1 және 2-курстың соңында жұмыстың орындалу барысы туралы жыл сайынғы есепті ұсыну.
Қолданбалы зерттеу жобасы бойынша ұсынысты қорғау (2-курстың көктемінде).
Оқудың 3-курсында қорытынды диссертациялық жұмысты тапсыру және оны қорғау.

Жалпы 3 жылдық бағдарлама 180 ECTS құрайды.
DBA бағдарламасының студенттері Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (NUGSB) және NU-дың орталық қызметтері тарапынан студенттердің әл-ауқатын, оқу үдерісіндегі табыстылығын және академиялық ілгерілеуін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді академиялық және әкімшілік қолдауға ие болады. Әрбір студентке Академиялық директордың келісімімен ассистент-профессор лауазымынан төмен емес деңгейдегі негізгі ғылыми жетекші бекітіледі; қажет болған жағдайда қосымша ғылыми жетекші (NUGSB немесе NU-дың басқа мектептерінен) тағайындалуы мүмкін.