Басшыларға арналған MBA бағдарламасы
Басты Бет → Бағдарламалар → Жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы

Басшыларға арналған MBA бағдарламасы (EMBA) әртүрлі салалардағы кәсіпқойларды біріктіре отырып, бірегей оқу ортасын ұсынады. Оқыту орыс тіліне синхрондық аудару арқылы ағылшын тілінде жүргізіледі.
Халықаралық студенттер

Біз халықаралық студенттерді Назарбаев Университетінің Жоғары Бизнес мектебінде оқуға шақырамыз. Біздің қабылдау процесі мен оқу ақысы барлық үміткерлерге бірдей. Шетелдік кандидаттардың құжаттарын қабылдау 2023 жылғы 28 ақпанға дейін Ерте тіркеу кезінде ғана қабылданады.

Астана қаласы

Астана қаласы - республиканың ірі саяси-әкімшілік, іскерлік және мәдени орталығы. Еліміздің барлық орталық органдары, дипломатиялық миссиялар, отандық және шетелдік компаниялардың штаб-пәтері, жетекші университеттер, заманауи медициналық клиникалар мен маңызды мәдени мекемелер осы қалада орналасқан. Астана қаласының экономикалық дамуы. Қаланың жоғары экономикалық өсу қарқыны көптеген инвесторларды тартады. Тартылған инвестиция көлемі Астана қаласы астана болған кезден бастап 30 есеге, жалпы өңірлік өнім 90 есеге өсті. Қаланың экономикалық қызметінің үлесі елдердің ЖІӨ-нің шамамен 8,5 пайызын құрайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ ОҚУ
Визалық қолдау

Назарбаев Университеті Қазақстанға оқуға келген шетел азаматтарын қарсы алады. Визаға өтініш бермес бұрын, барлық үміткерлер оқу бағдарламасына қабылдануы керек. Қабылдау хаты студентке жіберілгеннен кейін, НУ талапкерге студенттік визаға өтініш беру кезінде ұсынылатын қажетті мақұлдау құжаттамасын береді. Барлық халықаралық студенттерге Қазақстанға келу үшін Студенттік виза (С9 санаты) қажет. Визаның бұл түрі бір жыл мерзімге беріледі және Қазақстанға бірнеше рет кіруге мүмкіндік береді. Виза жыл сайын жаңартылып отырады.

Студенттердің тұрғын үй-жайы

Жатақханада өмір сүруде сіздің қүқықтарыңыз және міндеттеріңіз бар. Бұл жаңадан келген оқушы және Назарбаев Университеті жатақханасының тұрғыны үшін жаңа бастау. Жатақхананың ортасында біз студенттердің өзін-өзі тануға және студенттік өмірге белсене қатысуға қызықтырамыз.

Тіл курстары

Үздіксіз білім беру департамент Назарбаев Университетінің профессорлар және оқытушылар құрамы үшін ағылшын тілі курстарын, IELTS, SAT халықаралық стандартталған тестілеріне дайындық курстары, университет қызметкерлері мен сыртқы тыңдаушыларға арналған халықаралық стандартталған тест тапсыру үшін дайындық курстарын ұсынады және де SAT, TOEFL, GRE халықаралық стандартталған тестілерді өткізу. Курс бағдарламалары Назарбаев Университетінің бағдарламаларын әзірлеу стандарттарына сәйкес құрастырылады.

Бізбен байланысу үшін:

Алимбаева Жанна

Қабылдау жөніндегі аға менеджер
+7 (7172) 70 93 32
zhalimbayeva@nu.edu.kz
Акшалова Дана
Қабылдау жөніндегі менеджер
+7 (7172) 70 90 28
danagul.toleubayeva@nu.edu.kz
Айнабекова Акерке

Қабылдау жөніндегі маман

+ 7 (7172) 70 65 67
akerke.ainabekova@nu.edu.kz