ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
ALEKS тестін тек бір рет қайта тапсыруға болады. Қайта тапсыру құны -10 000 теңге.
Біз қазіргі немесе бұрынғы жұмыс берушілерден ұсыныс хаттар алғанды жөн көреміз. Үміткер сонымен қатар басшылар, профессорлар немесе ірі клиенттер сияқты тиісті академиялық/кәсіби қарым-қатынаста болған тұлғалардан ұсыныс хатын ұсына алады. Рецензенттер кандидаттың қызметкер ретіндегі құндылығын, оның кәсіби жетістіктерін, сондай-ақ ұйымдық контекстте жеке қасиеттері мен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын көрсете/сипаттай алуы маңызды. Біз достардан, отбасы мүшелерінен немесе жеке контактілерден ұсыныс хаттарды қабылдамаймыз. Өтініш беруші өтініш нысанында рецензенттердің байланыс ақпаратын (аты-жөні, корпоративтік электрондық поштасы, телефон нөмірлері) көрсетуі керек. Ұсыныс хат формасы жүйемен автоматты түрде жасалады және рецензенттерге электронды пошта арқылы жіберіледі. Ұсыныс хатының формасы толтырылып, онлайн түрде ұсынылуы керек.
Жұма сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін және 14.00-ден 16.00-ге дейін.