Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы
Басты Бет → Бағдарламалар → Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі жетекші академиялық институттардың ОПҚ мүшесі болуға немесе тиісті ұйымдарда қолданбалы зерттеулер жүргізуге ұмтылатын студенттерге арналған Іскерлік әкімшілендіру саласындағы ғылым докторы (PhD) жеделдетілген бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама тиісті зерттеулердің теориялық және эмпирикалық құралдары бойынша берік негізді қамтамасыз етеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Халықаралық
Жергілікті
Гранттарға тіркелу кезеңдері
2025 жылғы қараша – 2026 жылғы 3 наурыз (Астана уақытымен 14:00)
2024 жылғы қараша – 2026 жылғы 30 наурыз (Астана уақытымен 14:00)
Толық ақылы негіздегі қабылдауға тіркелу кезеңдері
Виза қажет халықаралық студенттер: 2025 жылғы қараша – 2026 жылғы 1 маусым (Астана уақытымен 14:00)
Басқа үміткерлер (жергілікті және халықаралық): 2025 жылғы қараша – 2026 жылғы 17 шілде (Астана уақытымен 14:00)
2025–2026 оқу жылына онлайн өтініш беру кезеңі жабылды.
2026–2027 оқу жылына тіркеу 2025 жылдың қараша айында ашылады.

Тіркелу жарнасы 15 000 теңгені және өтінімдерді қабылдаудың ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда 45 000 теңгені құрайтынын ескеріңіз. Бұл сома қайтарылмайды.

Аяқталған өтінімді тапсырған кезде барлық ілеспе құжаттар кандидаттың жеке кабинетіне жүктелуі тиіс екендігіне назар аударамыз.

Өтінімді белгілі бір кезеңге дейін бергеннен кейін, осы кезең үшін ілеспе құжаттарды ұсыну мерзімдерін ұзарту көзделмейді. Онлайн тіркеу аяқталғанға дейін онлайн - жүйеге жүктелген құжаттардың толық емес пакеті конкурстық іріктеу талаптарына сәйкестігі тексеріледі және қабылдау комиссиясының қарауына қабылданбауы мүмкін.


Қабылдау талаптары
Жиі қойылатын сұрақтар