7. Нәтижелерді күту!
ОНЛАЙН-КЕҢЕС |
2024-2025 оқу жылының онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанын хабарлаймыз.
Келесі жылға өтінімдерді қабылдау мерзімі осы сайтта жарияланады.
Шетелдік үміткерлердің құжаттары тек Ерте тiркеу кезінде ғана қабылданатынын ескертеміз.
Толық өтініш беру кезінде барлық растайтын құжаттар үміткердің жеке кабинетіне жүктелуі керек екенін ескеріңіз.
Өтініш беру кезеңінен кейін барлық растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері ұзартылмайды. Онлайн тіркеудің ерте кезеңі аяқталғанға дейін жүктелген құжаттар конкурстық іріктеу талаптарының сәйкестігіне тексеріледі және түзетуге жіберілуі мүмкін. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттардың толық емес туралы автоматты түрде хабарлама алған кандидаттар тіркеудің стандартты кезеңіне ауыстырылады.
Маңызды ақпарат, кеш тіркелу кезеңінде берілген өтініштер тек ақылы оқу үшін қарастырылады.
Үміткерлер онлайн-өтінім мен барлық қажетті құжаттарды біздің порталда тапсыруы тиіс.
Қабылдау талаптары
MBA бағдарламасына үміткерлер келесі талаптарға сай болуы керек:
Үміткерлер келесі құжаттарды тапсыруы керек:
Екі құпия ұсыныс хат (электрондық пошта арқылы өтінішті алғаннан кейін сарапшылар электрондық түрде ұсынады).
Ұсыныстар сұрауы бар хаттар сіз SUBMIT түймешігін басқаннан кейін ұсыныс берушілерге автоматты түрде жіберіледі.Сіздің ұсынысшыларыңызға онлайн ұсыныс формасын толтыру үшін 5 күнге дейін уақыт берілетінін ескеріңіз.
Ең құнды ұсыныстар сіздің кәсіби дағдыларыңыз бен қабілеттеріңізді білетін адамдардан келеді. Қазіргі басшыңыздан бір ұсыныс беруіңізді талап етеміз. Егер сізде тікелей басшы жоқ болса, сізді қазіргі жұмыс орнында жақсы білетін және кәсіби қызметіңізді сыни бағалай алатын адамнан ұсыныс жіберуге болады. Өтінім беру процесінің басында сізге ұсыныс берушілермен байланысуды ұсынамыз. Туыстардан немесе отбасы мүшелерінен және достардан ұсыныстарды Қабылдау комиссиясы қолдамайды. Барлық ұсыныстарды алғанша өтінім «аяқталды» деп есептелмейді.
Өтінім формасын жібермес бұрын, өзіңіздің ұсыныс берушілеріңіздің корпоративтік/институционалдық электрондық пошта мекенжайларын көрсеткеніңізге және олардың сізге ұсыныс хаттарын ұсынуға келіскеніне көз жеткізіңіз.
Сіз өзіңіздің жеке парақшаңыздағы «ЖІБЕРУ» түймесін басқаннан кейін, ұсыныс формасы көрсетілген электрондық пошта мекенжайларына автоматты түрде жіберіледі.
Ұсыныс хаттары көрсетілген корпоративтік/институционалдық электрондық пошта мекенжайларынан жіберілуі керек екенін ескеріңіз.
Ағылшын тіліндегі екі эссе.
Эссе 1
Сіздің біліміңіз, жұмысыңыз және өмірлік тәжірибеңіз сыныптастарыңыздың MBA тәжірибесіне қалай ықпал ететінін 500 сөзбен немесе одан азырақ сипаттаңыз.
Эссе 2
500 немесе одан аз сөзбен басқалар сіз туралы білмейтін үш нәрсені сипаттаңыз.
Ағылшын тілінде түйіндеме (бір беттен аспауы керек).
Шетелдік оқу орындарында диплом/сертификаттар алған үміткерлер тікелей Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне жіберілетін өз ресми транскрипттерін сұратуы керек.
IELTS-тің (IELTS Online test-ті қоспағанда) жалпы орташа балы 6,5, бөлімдердің әрқайсысы бойынша кемінде 6,0 болуы керек немесе ETS сайтында жарияланған TOEFL-дің (TOEFL Home Edition-ды қоспағанда) балама балы.
Бағдарламаға оқуға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мына жағдайлардың бірінде:
ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
GRE немесе GMAT қолданыстығы сертификаттарын ұсынатын үміткерлер математикалық дағдылардан өтуге арналған тестіден босатуды сұрауы мүмкін. Тестілеуге тіркелу кезінде талапкер Назарбаев Университетін қабылдаушы ретінде көрсетуі керек. Егер талапкер тестілеуден ертерек өткен болса, тестілеу орталығына хабарласып, қабылдаушы ретінде Назарбаев Университетін көрсете алады.
Өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы бар жұмыс тәжірибесінің құжаттық дәлелі.
Әрбір талапкер ағылшын тілінде онлайн анкетаны толтырып, оны университеттің admissions.nu.edu.kz ресми сайтында жіберуі керек.
ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.
ALEKS тестін тек бір рет қайта тапсыруға болады. Қайта тапсыру құны -10 000 теңге.
Шетелдік оқу орындарында диплом/сертификаттар алған үміткерлер тікелей Университеттің Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне жіберілетін өз ресми транскрипттерін сұратуы керек.